Оқиға

Түнде Алматыдағы "Бақорда" құрылыс базары өртенді – фото, видео

© ДЧС Алматы"Бақорда" базарындағы өрт
Бақорда базарындағы өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Алматыда өрт сөндірушілер 3 шілде түнгі уақытта "Бақорда" құрылыс базарынан шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті. Анықталғандай, құрылысы жүріп жатқан сауда орталығы жанындағы құрылыс базары отқа оранған. Өрттің көршілес ағаш қатарлар мен салынып жатқан ғимаратқа жайылу қаупі төнді.
© ДЧС Алматы"Бақорда" базарындағы өрт
Пожар на алматинском рынке Бакорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2022
"Бақорда" базарындағы өрт
"Өрт болған жерде жедел штаб шұғыл іске кірісті. Өрт сөндіру автопойызы іске қосылды, үйінділерді аршу үшін құтқару қызметінің ауыр шынжыр табанды техникасы тартылды. Өртті сөндіруге 21 техника мен жеке құрамнан 64 адам жұмылдырылды", - деп атап өтті қалалық ТЖД.
Жоғары шақырту рангы бойынша жедел қолға алынған шаралар нәтижесінде өрт бір сағат ішінде, түнгі 4:04-те ауыздықталды, таңғы 6:35-те толық сөндірілді. Өрт ауданы 2 мың шаршы метрден асты.
© ДЧС Алматы"Бақорда" базарындағы өрт
Пожар на алматинском рынке Бакорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2022
"Бақорда" базарындағы өрт
Өрт сөндірушілер базардың барлық аумағын – 24 мыңнан аса шаршы метрді (құрылыс базарының жалпы ауданы – 26 мың шаршы метрден астам) өрттен аман алып қалды.
Сондай-ақ ТЖД қызметкерлері "Бақорда" базары аумағында салынып жатқан сауда орталығы ғимаратына өрттің таралуына жол бермеді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Жаңалықтар
0