https://sputnik.kz/20220702/toqaev-almaty-akimin-qabyldady-25899854.html
Тоқаев Алматы әкімін қабылдады
Тоқаев Алматы әкімін қабылдады
Sputnik Қазақстан
Қалада қаңтар оқиғасынан кейін сауда-саттық қалпына келтірілді, жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 19,5 пайызға артқан 02.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-02T13:38+0500
2022-07-02T13:38+0500
2022-07-02T13:38+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
алматы
әкім
https://sputnik.kz/img/07e6/07/02/25899975_71:0:681:343_1920x0_80_0_0_eae6caf3c23818070846cd577604139c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың биылғы қаңтар-мамыр аралығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді, деп хабарлайды Ақорда.Қала әкімі экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге қатысты президент тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады.Оның айтуынша, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6 пайызға дейін өскен, негізгі капиталдағы инвестиция өсімі 20,9 пайыздан асқан, сауда-саттық қалпына келтірілген, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 19,5 пайызға артқан.Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" жобасы ұсынылды.Мемлекет басшысына Абай даңғылының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда 9 қабаттан биік ғимараттардың құрылысын жүргізуге тыйым салатын жаңа ережелердің қабылдануы, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жоспары туралы мәлімет берілді.Ерболат Досаев маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге, оның ішінде "Алматы жастары" бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға тұрғын үй сатып алуға, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтандыру сапасын арттыруға, сирек кездесетін ауруларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, балаларға арналған спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға қаражат бөлінгенін жеткізді.Кездесу соңында президент Алматы қаласын одан әрі дамыту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20220701/almaty-turgyn-uy-suru-zhumystary-25887033.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/02/25899975_147:0:604:343_1920x0_80_0_0_d442e931e49a0169788cb30ccc687fb5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, алматы, әкім
қасым-жомарт тоқаев, алматы, әкім
Тоқаев Алматы әкімін қабылдады
Қалада қаңтар оқиғасынан кейін сауда-саттық қалпына келтірілді, жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 19,5 пайызға артқан
НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың биылғы қаңтар-мамыр аралығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді, деп хабарлайды
Ақорда. Қала әкімі экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге қатысты президент тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады.
Оның айтуынша, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6 пайызға дейін өскен, негізгі капиталдағы инвестиция өсімі 20,9 пайыздан асқан, сауда-саттық қалпына келтірілген, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 19,5 пайызға артқан.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" жобасы ұсынылды.
Мемлекет басшысына Абай даңғылының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда 9 қабаттан биік ғимараттардың құрылысын жүргізуге тыйым салатын жаңа ережелердің қабылдануы, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жоспары туралы мәлімет берілді.
Ерболат Досаев маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге, оның ішінде "Алматы жастары" бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға тұрғын үй сатып алуға, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтандыру сапасын арттыруға, сирек кездесетін ауруларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, балаларға арналған спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға қаражат бөлінгенін жеткізді.
Кездесу соңында президент Алматы қаласын одан әрі дамыту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.