https://sputnik.kz/20220702/europa-maymyl-sheshegi-25901845.html
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар саны үш есе көбейді
Еуропада маймыл шешегін жұқтырғандар саны үш есе көбейді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Кейінгі екі аптада Еуропа аймағында маймыл шешегін жұқтырғандар саны үш есе артып, 4,5 мыңнан асты. Осыған байланысты... 02.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-02T19:54+0500
2022-07-02T19:54+0500
2023-08-10T12:18+0500
маймыл шешегі
еуропа
https://sputnik.kz/img/07e6/05/17/25013658_0:140:2676:1645_1920x0_80_0_0_0ffa33b59e1c95eb4f8839cb32f39ecc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Кейінгі екі аптада Еуропа аймағында маймыл шешегін жұқтырғандар саны үш есе артып, 4,5 мыңнан асты. Осыған байланысты инфекцияның таралуына қарсы шұғыл шаралар қолдану қажет, деді ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге.Оның айтуынша, әлемде маймыл шешегіне шалдыққан науқастардың 90%-ке жуығы Еуропада тіркелген.Оның айтуынша, инфекцияның көпшілігі 21 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар арасында тіркелген. Олардың 99%-і ер адамдар, көпшілігі ер адамдармен жыныстық қатынаста болған.ДДҰ аймақтық бюросы басшысының айтуынша, пациенттердің шамамен 10%-і емдеу немесе оқшаулау мақсатында ауруханаға жатқызылды. Ал бір науқас жан сақтау бөліміне орналастырылды. Ол бүгінге дейін ДДСҰ-ға өлім-жітім туралы мәлімет түспегенін атап өтті.Маймыл шешегінің таралуына байланысты Клюге мемлекеттерді шұғыл және келісілген шаралар қабылдауға шақырды.Маймыл шешегі – адамдар арасында таралатын сирек кездесетін вирустық инфекция. Әдетте бұл ауру жеңіл өтеді, көптеген адам бірнеше апта ішінде жазылады, бірақ кейбір жағдайда асқынып кетуі мүмкін.Маймыл шешегінің алғашқы белгілері: қалтырау, бас ауруы, бұлшықет ауруы, арқадағы ауырсыну, лимфа түйіндерінің ісінуі, тоңып дірілдеу және әлсіреу. Бөртпе пайда болуы мүмкін.Соңғыуақытта әлемнің 51 елінде бұл аурудың 5,1 мыңнан астам жағдайы анықталды, ал мамандар инфекцияның таралу жолдарын білмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдай жөніндегі комитеті бұған дейін инфекцияның таралу жолдарын бақылауға шақырған болатын.
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/17/25013658_150:0:2527:1783_1920x0_80_0_0_5b39803749c98c7994a40f183c163612.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маймыл шешегі, еуропа
НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Кейінгі екі аптада Еуропа аймағында маймыл шешегін жұқтырғандар саны үш есе артып, 4,5 мыңнан асты. Осыған байланысты инфекцияның таралуына қарсы шұғыл шаралар қолдану қажет, деді ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге.
Оның айтуынша, әлемде маймыл шешегіне шалдыққан науқастардың 90%-ке жуығы Еуропада тіркелген.
"Менің 15 маусымдағы соңғы сөзімнен бері алты жаңа ел мен аумақ маймыл шешегі ауруы табылғанын хабарлады. Барлығы 31. Осы кезең ішінде жаңа жағдайлардың саны үш есе өсті және бүкіл аймақта зертханада расталған жағдай 4500-ден асып түсті", - делінген Клюге хабарламасында.
Оның айтуынша, инфекцияның көпшілігі 21 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар арасында тіркелген. Олардың 99%-і ер адамдар, көпшілігі ер адамдармен жыныстық қатынаста болған.
ДДҰ аймақтық бюросы басшысының айтуынша, пациенттердің шамамен 10%-і емдеу немесе оқшаулау мақсатында ауруханаға жатқызылды. Ал бір науқас жан сақтау бөліміне орналастырылды. Ол бүгінге дейін ДДСҰ-ға өлім-жітім туралы мәлімет түспегенін атап өтті.
Маймыл шешегінің таралуына байланысты Клюге мемлекеттерді шұғыл және келісілген шаралар қабылдауға шақырды.
Маймыл шешегі – адамдар арасында таралатын сирек кездесетін вирустық инфекция. Әдетте бұл ауру жеңіл өтеді, көптеген адам бірнеше апта ішінде жазылады, бірақ кейбір жағдайда асқынып кетуі мүмкін.
Маймыл шешегінің алғашқы белгілері: қалтырау, бас ауруы, бұлшықет ауруы, арқадағы ауырсыну, лимфа түйіндерінің ісінуі, тоңып дірілдеу және әлсіреу. Бөртпе пайда болуы мүмкін.
Соңғыуақытта әлемнің 51 елінде бұл аурудың 5,1 мыңнан астам жағдайы анықталды, ал мамандар инфекцияның таралу жолдарын білмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдай жөніндегі комитеті бұған дейін инфекцияның таралу жолдарын бақылауға шақырған болатын.