https://sputnik.kz/20220702/elordada-belgili-fotozhurnalistin-kormesi-otip-zhatyr-25897242.html
Құс ұшар биіктіктен түсірілген: елордада белгілі фотожурналистің көрмесі өтіп жатыр
Құс ұшар биіктіктен түсірілген: елордада белгілі фотожурналистің көрмесі өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан астанасында белгілі қазақстандық фотожурналист, Sputnik Қазақстан фототілшісі Владислав Водневтің көрмесі ашылды. 02.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-02T10:56+0500
2022-07-02T10:56+0500
2022-07-02T10:56+0500
елорда тынысы
көрме
https://sputnik.kz/img/07e6/07/01/25893439_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_2da4d26aa437d7681776c865e2a419a2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан астанасында белгілі қазақстандық фотожурналист, Sputnik Қазақстан фототілшісі Владислав Водневтің көрмесі ашылды.Экспозиция елорданың 24 жылдығына орайластырылған және "Биікке самға – 24!" деп аталады. Оның ерекшелігі сол – көрмеге қойылған барлық сурет құс ұшар биіктіктен түсірілген. Көрермендер назарына 24 картина ұсынылған.Көрме "Астана-Бәйтерек" монументінде өтіп жатыр.Автор фотографиямен мектеп жасынан бері айналысады, ұзақ жылдар бойы телевизияда оператор болып қызмет етті. Сол себепті көрермендер фотосуреттерден бөлек, квадрокоптерге түсірілген әсерлі бейнероликтерді де тамашалай алады.Водневтің айтуынша, оның Инстаграмдағы аккаунты желі қолданушылары арасында танымал. Өйткені адамдарға қаланы басқа қырынан тану әрқашан қызық. Желі қолданушылары оған елорданың белгілі бір орындарын көрсетуді өтініп, жиі хат жазады екен.Көптеген ел мен қалаларды аралаған автор Нұр-Сұлтан шынымен де әсем және суреттен жақсы көрінетін қала екенін айтады. Кәсіби фотографтар мен әуесқойлар түсірілім үшін күн сайын жаңа әрі бірегей локациялар тауып жатады."Еңселі елордамыздың бірегей архитектурасын, күн ұясына батқандағы қайталанбас көрініс пен үлкен қаланың өмір ырғағын бейнелейтін суреттер ел жылнамасынан ғана емес, әр қазақстандықтың жүрегінен міндетті түрде лайықты орын алады", - деп санайды ол.Карантин кезінде түсірілген "Жұма намаз" суреті "Аэрофотография" номинациясы бойынша халықаралық "35AWARDS" байқауының Топ-35, сондай-ақ баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы "URKER-2021" ұлттық сыйлығының шорт-парағына енді.Владислав Водневтің көрмесі 10 шілдеге дейін жалғасады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/01/25893439_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_5044aa119ecd63cc00d8093fc7a73a41.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көрме
НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан астанасында белгілі қазақстандық фотожурналист,
Sputnik Қазақстан фототілшісі Владислав Водневтің көрмесі ашылды.
Экспозиция елорданың 24 жылдығына орайластырылған және "Биікке самға – 24!" деп аталады. Оның ерекшелігі сол – көрмеге қойылған барлық сурет құс ұшар биіктіктен түсірілген. Көрермендер назарына 24 картина ұсынылған.
Көрме "Астана-Бәйтерек" монументінде өтіп жатыр.
Автор фотографиямен мектеп жасынан бері айналысады, ұзақ жылдар бойы телевизияда оператор болып қызмет етті. Сол себепті көрермендер фотосуреттерден бөлек, квадрокоптерге түсірілген әсерлі бейнероликтерді де тамашалай алады.
Водневтің айтуынша, оның Инстаграмдағы аккаунты желі қолданушылары арасында танымал. Өйткені адамдарға қаланы басқа қырынан тану әрқашан қызық. Желі қолданушылары оған елорданың белгілі бір орындарын көрсетуді өтініп, жиі хат жазады екен.
Көптеген ел мен қалаларды аралаған автор Нұр-Сұлтан шынымен де әсем және суреттен жақсы көрінетін қала екенін айтады. Кәсіби фотографтар мен әуесқойлар түсірілім үшін күн сайын жаңа әрі бірегей локациялар тауып жатады.
"Еңселі елордамыздың бірегей архитектурасын, күн ұясына батқандағы қайталанбас көрініс пен үлкен қаланың өмір ырғағын бейнелейтін суреттер ел жылнамасынан ғана емес, әр қазақстандықтың жүрегінен міндетті түрде лайықты орын алады", - деп санайды ол.
Карантин кезінде түсірілген "Жұма намаз" суреті "Аэрофотография" номинациясы бойынша халықаралық "35AWARDS" байқауының Топ-35, сондай-ақ баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы "URKER-2021" ұлттық сыйлығының шорт-парағына енді.
Владислав Водневтің көрмесі 10 шілдеге дейін жалғасады.