Өңірлер

Алматы облысында шарап зауыты ауыл тұрғындарын сергелдеңге салды

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2022
Жазылу
Егер заңсыздық тоқтамаса ауыл тұрғындары кәсіпорынды сотқа бермек
НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Алматы облысында шарап зауыты Шалқар ауылының шетін өндірістік қалдықтарын құятын алаңға айналдырған.
Айналаға жайылған сасық судың кесірінен елді мекенге кейіннен қосылған тұрғындар жер учаскелеріне үй сала алмай сергелдеңке түскен. Оған қоса, кәсіпорынның қалдығынан шыққан жағымсыз иіс бүтін бір ауылға тарап, бұқара есік-терезелерін қымтап отыруға мәжбүр. Ал білгенін істеп жүрген өндіріс ошағының әрекетін қазір құзырлы органдар жұрт шу шығарған соң тексеріп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
"Қанша су жіберген, бізге жіберген, мына жаққа жіберіп жатыр, міне мына сасық суды көрдіңіздер. Бұл түнде, кешке қарай салқында осындай желмен бізге келеді, жұмысшыларым осы иістен қаншама рет ауырып та қалды. Үйге келген қонақтар да мына жерде тұра алмаймыз деп айтады",- дейді Шалқар ауылының тұрғыны Дамир Көшкенбаев.
Шарап шығаратын зауыт өз қалдықтарын мына аумаққа төгіп жатыр. Алайда бұл жер телімдері тұрғындарға тиесілі. Сасық судың кесірінен енді олар баспаналарын тұрғыза алмай сергелдеңге түскен.
Үй салып жатқан Иля Құрбанбаева зауыттың қалдықтары аулаға таралып, үйдің іргетасын бүлдіре ме деп алаңдайды.
"Үйді бастағанда олардың бастықтары келеді де, бұл жерге салуға қандай құқықтарың бар деп қоқан-лоққы көрсетеді. Сендер салмаңыздар бұл жер біздікі дейді. Ал біз құжатымыз бар деп айтамыз. Сіздің құжаттарыңыз бар ма десек көрсетпейді. Мен өз күшіммен ана жерді жауып қойдым. Менің жеріме су ағып жатыр", - дейді Шалқар ауылының тұрғыны Иля Құрбанбаева.
Мельницу заволокло дымом - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2019
Өңірлер
Ақмола облысында ауыл тұрғындары қоқыс өңдейтін зауыттан уланып жатыр
Жандосов ауылдық округінің әкімдігі бұл мәселеден хабардар. Атқамінерлер экологтар қалдық судан сынама алғанын жеткізді. Бірақ оның қорытындысы әлі шықпапты. Алып кәсіпорынның әрекетін қазір тиісті органдар тексеріп жатыр екен.
"Қалдық суларды төгу заңды, заңды емес екенін анықтау үшін тиісті мекемелерге хатпен шықтық. Ал енді ол жерден экология депортаменті сынамасын алды. Бүгінгі таңда сол нәтижесі шыққаннан кейін, ол анықталады. Егер ол жерге заңсыз төгіліп келген болса, онда әрине мүмкін жаңағы департамент тарапынан, мүмкін айыппұл салынып, шара қолданатын шығар", - деп мәлімдеді Жандосов ауылдық округі әкімінің орынбасары Ләйлә Белкәйірова.
Тұрғындар зауыт қалдықтарын ен далаға емес, кәріз жүйесіне ағызсын деген талап қойды. Егер заңсыздық тоқтамаса шалқарлықтар кәсіпорынды сотқа бермекші.
Жаңалықтар
0