Аңдатпа

Қазақстанда 3 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 3 шілдеде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
НҰР-СҰЛТАН
12.00 – "Мультфильмдер еліне саяхат" спектаклі (Қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3).
18.00 – "Баян Сұлу – Қозы Көрпеш" спектаклі (К.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).
19.00 - "Махаббат бар ма?" спектаклі (Жас көрермен музыкалық театры, Омаров көшесі, 47Б).
19.00 - "Жібек" спектаклі ("Жастар" театры, І.Есенберлин көшесі, 10).
АЛМАТЫ
12.00 – "Коза-Дереза" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).
16.00 – "Теремок" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).
18.00 – "Сон в летнюю ночь" спектаклі (Республикалық неміс драма театры, Папанин көшесі 70/1).
18.30 – "Келіндер көтерілісі" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).
4 шілдеге жоспарланған іс-шаралар
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 11: 00-де онлайн-трансляция форматында ІІМ-де брифинг өтеді. Брифинг тақырыбы: "Жолдардағы қауіпсіздік – өзекті тақырып", "Есірткіге қарсы профилактикалық айлық қорытындысы". Спикерлер: Мұраталиев Жандос Дүйсебайұлы – Қазақстан Республикасы ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары. Әмірханов Бақытжан Қадырбекұлы – ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы.
12.00 - "Ғашық – жүрек" спектаклі (Жас көрермен музыкалық театры, Омаров көшесі, 47Б).
17.00 – "Хат" спектаклі (Қ.Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).
19.00 – "КТА Нұр-Сұлтан қаласының кубогі" КТК (Нұр-Сұлтан қаласы филарманиясының концерт залы, Кенесары көшесі, 32).
19.00 – "Turan" ансамблінің концерті ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).
21.00 – "Елорданың алғашқы таңы" концерті. Астана күнін мерекелеу құрметіне қазақстандық және шетелдік композиторлардың танымал туындылары шырқалады (Тұран даңғылы, 2/6, "Амфитеатр", Есіл өзенінің жағалауында).
АЛМАТЫ
11.00 – UFC шбері, Dark TEAM командасының мүшесі Шавкат Рахмановтың UFC Вегас 57 қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы. Баспасөз конференциясы өтетін орын: Көктем 2-22, Мүсірепов көшесі жағынан кіру керек.
18.30 – "EINAUDI" концерті (Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы, Қалдаяқов көшесі, 35. Телефон нөмірі: +7 701 751 89 85).
5 шілдеге жоспарланған іс-шаралар
НҰР-СҰЛТАН
11.00 -"Елорда – КітапТime" кітап-иллюстрациялық көрме-жәрмеңкесі. Кітап көрмесімен қатар мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтеді. Олардың ішінде халықтық және эстрадалық музыка шеберлерінің концерттік бағдарламалары, "Ойна" балалық шақ институтының, оригами сәндік-қолданбалы өнерден Жапон мәдениет орталығының шеберлік сыныптары, "Орыс үйінің" "Дети-детям" жобасының таныстырылымы, танымал қазақстандық авторлардың қолтаңба-сессиялары және тағы басқа іс-шаралар бар. Аталған іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімдігімен және "Фолиант" баспасы бірлесіп өткізеді (Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы, Достық көшесі, 11. Телефон нөмірлері: +7 775 768 76 28; +7 701 054 7177).
АЛМАТЫ
11.00 - Қазіргі Қазақстан туралы үздік роман үшін берілетін жыл сайынғы Mecenat.kz әдеби сыйлығының жеңімпазын марапаттау рәсімі. Бұл әдеби сыйлық – Қазақстан азаматтары тобының, ел патриоттары мен әдебиет кәсіпқойларының тәуелсіз, саяси емес, азаматтық жобасы. Биыл 67 роман жиналып, 21-і дауыс беруге жіберілді. Жобаның мақсаты – қазақ әдебиеті мен оқуға деген қызығушылықты дамыту. Сыйлықтың негізін қалаушы: Ерлан Асқарбеков, меценат Тимур Турлов. (Қабанбай батыр көшесі, 85 үй, "Алматы" қонақ үй кешенінің 2-қабатында орналасқан "Астана"конференц-залы).
Жаңалықтар
0