ҚТЖ "Жібек жолы" кемесі туралы: компания санкциялық шектеулерді қатаң сақтайды

© Photo : Пресс-служба КТЖ"Жібек жолы" кемесі
Жібек жолы кемесі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы (ҚТЖ) қазақстандық "Жібек жолы" кемесіне қатысты жағдайға пікір білдірді.
30 маусымда бірқатар БАҚ-та қазақстандық "Жібек жолы" кемесімен Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан астық экспортталатыны туралы ақпарат жарияланды.
"KTZ Express" АҚ 2021 жылғы 26 қазанда "KTZ Express Shipping" ЖШС (кеме иесі) ресейлік Green Line LLC компаниясымен бербоут-чартер шартын жасасқанын мәлімдейді, оның ішінде келесі шарттарда:
дедвейті 7000 тонна "Жібек жолы" кемесі үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз берілді (2016 жылы Невский кеме жасау және жөндеу зауытынан сатып алынды);
2022 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды;
халықаралық тәжірибеге сәйкес санкциялық тармақ бар: "Green Line" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісімшарт жасасқан күні және әрекет ету мерзімі ішінде оларға ешқандай санкциялар қолданылмайтындығына кепілдік береді. Әйтпесе, кеме иесі келісімшарттарды дереу бұзуға құқылы.
Green-Line" ЖШС және оның басшылығы (Шепин А.В., Тихомирова М.В.) АҚШ, ЕО, Ұлыбритания және Канаданың санкциялық тізіміне енбеген.
Тәжірибеге және жасалған шарттарға сәйкес жалға алушы жүктің түрі мен оны тасымалдау бағыттары бойынша Кеме иесімен келіспейді.
"Green-Line" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылдан бері астық және мұнай трейдері ретіндегі эстониялық Mangelbert OU компаниясымен Украинадан Түркияға астық тасымалдау қызметін көрсетуге ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды.
Mangelbert OU басшысының айтуынша, 2022 жылдың 28 маусымында "Жібек жолы" кемесі Бердянск теңіз сауда портында (6 927,8 тонна) бидай тиеп, порттан Түркияның Қарасу порты бағытында шықты (болжалды уақыт бойынша кеме 2022 жылдың 1 шілдесінде келеді). Сонымен қатар ол астықтың украиндық екені, ал тасымалдау украин тарапының өтініші бойынша келісілген гуманитарлық дәліз бойынша жүзеге асырылатынын жеткізді.
Бұл ретте "KTZ Express" АҚ осы тасымалдауға қатысушылармен, сонымен бірге дипломатиялық миссия өкілдерімен белсенді консультациялар жүргізеді.
"KTZ Express" АҚ қолданыстағы санкциялық шектеулерді қатаң сақтауға міндетті екенін жете түсінеді", - делінген ҚТЖ хабарламасында.
Жаңалықтар
0