Ұлттық банк Цифрлық теңге платформасын жыл соңына дейін тестілеуден өткізеді

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі Цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделін жасады.
Ұлттық банктің хабарлауынша, 2022 жылдың соңына дейін Қазақстанда Орталық банктің цифрлық валютасын енгізу туралы қорытынды шешім әзірленеді.
2022 жылдың 4-тоқсанында нарыққа қатысушылармен және тұтынушылармен бірге Цифрлық теңгенің технологиялық платформасын өтпелі тестілеу жоспарланған.
Зерттеу нәтижелерін объективті түсіндіру мақсатында тәуелсіз халықаралық сарапшылар мен халықаралық қаржы ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен "Цифрлық теңге" жобасының қонсультативтік кеңесі құрылды.
Қаржы нарығының қатысушыларымен цифрлық теңгенің экожүйесін құру да жобаны дамытудағы маңызды фактор саналады. Осы мақсатта коллаборативті алаң – Digital Tenge Hub құрылды, оған нарық қатысушылары, инфрақұрылымдық ойыншылар, халықаралық серіктестер қатысады.
Цифрлық теңгені енгізу төлем және қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттырады.
Цифрлық теңге инфрақұрылымы қаржы нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдар үшін қосымша құралға айналады, бұл смарт-контракт технологиясы негізінде инновациялық қызметтерді құруға мүмкіндік береді. Болашақта цифрлық теңгені енгізу трансшекаралық төлемдердің тиімділігін еселейді.
"Цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделі" баяндамасымен Ұлттық банк сайтының "Цифрлық теңге: пилоттық жоба" бөлімінде, сондай-ақ ҚҰБ төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығының сайтында (payfintech.kz) танысуға болады.
Жаңалықтар
0