https://sputnik.kz/20220701/tenge-nege-alsirep-zhatyr-25879425.html
Теңге неге әлсіреп жатыр
Теңге неге әлсіреп жатыр
Sputnik Қазақстан
Маусым айында сауданың жалпы көлемі 2,1 миллиард доллар болды 01.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-01T11:32+0500
2022-07-01T11:32+0500
2022-07-01T11:49+0500
экономика
теңге
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258336_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_f07eae02a12c5b7cba75d2a7b4b0e773.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде - Sputnik. Ұлттық Банк теңге бағамының төмендеуін түсіндірді. Маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3%-ке әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 115 миллион АҚШ долларынан 96,4 миллион АҚШ долларына дейін төмендеді. Маусым айында сауданың жалпы көлемі 2,1 миллиард доллар болды.Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті. Олар шамамен 480,4 миллион АҚШ долларын құрады. Маусымда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта 438,3 миллион АҚШ долларына сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 20,7%-ін құрады.Маусым бойы ішкі валюта нарығында Ұлттық Банк валюталық интервенцияларды, сондай-ақ БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырған жоқ."Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушыларға және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады", - делінген хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258336_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_5b281c56b69d9232540d38564f1dfde7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теңге
Теңге неге әлсіреп жатыр
11:32 01.07.2022 (жаңартылды: 11:49 01.07.2022) Маусым айында сауданың жалпы көлемі 2,1 миллиард доллар болды
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде - Sputnik. Ұлттық Банк теңге бағамының төмендеуін түсіндірді. Маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3%-ке әлсіреді.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 115 миллион АҚШ долларынан 96,4 миллион АҚШ долларына дейін төмендеді. Маусым айында сауданың жалпы көлемі 2,1 миллиард доллар болды.
"Ұлттық валюта бағамы валюта ұсынысының шектеулі болуы және валютаға деген сұраныстың бір уақытта өсуіне байланысты әлсіреді. Валюта ұсынысының төмендеуі – экспорттаушылардың салық төлеу үшін валюта сатуды қысқартуына, ал сұраныстың өсуі дивиденд төлеудің басталуына байланысты", - делінген Ұлттық банк ақпаратында.
Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті. Олар шамамен 480,4 миллион АҚШ долларын құрады. Маусымда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта 438,3 миллион АҚШ долларына сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 20,7%-ін құрады.
Маусым бойы ішкі валюта нарығында Ұлттық Банк валюталық интервенцияларды, сондай-ақ БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырған жоқ.
"Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушыларға және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады", - делінген хабарламада.