https://sputnik.kz/20220701/shymkentte-uysiz-qalgaly-qandastar-25884963.html
Шымкентте үйсіз қалғалы тұрған қандастар мәселесі шешіледі
Шымкентте үйсіз қалғалы тұрған қандастар мәселесі шешіледі
Sputnik Қазақстан
Қала басшысы Шымкентке оралған соң осы мәселені толық зерттейтінін айтты 01.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-01T14:04+0500
2022-07-01T14:04+0500
2022-07-01T14:04+0500
өңірлер
шымкент
қандастар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/08/22617957_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_ddfc4f3bbea8dd73d65768d5b70dee84.jpg
АЛМАТЫ, 1 шілде – Sputnik. Шымкентте үйсіз қалғалы тұрған қандастар мәселесі шешіледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов хабарлады. Елге осыдан 10-15 жыл бұрын оралған қандастарға квотамен жер берілген. Тұрғындар алты жылдан кейін 6 мың долларға сатып алған үйлерінің тағы бір иесі барын білген. Енді қайда барарын білмей отырған қандастар соттасудан да шаршаған көрінеді. "Бұл жағдайды Нұр-Сұлтан қаласында жүргенде ғана білдім. Оған дейін хабарсыз болғанмын. Мәселе терең зерттеуді қажет етеді. Бұл азаматтар алаяқтардың арбауына түсті деген мәлімет бар. Сайрам ауданында да осындай мәселе туындады. Тұрғындар барып сотқа жүгінген. Алайда ақыр аяғында соттың шешімімен бірінші сатып алған адам жердің иесі деп танылды", - – деді Мұрат Әйтенов.Қала басшысы Шымкентке оралған соң осы мәселені толық зерттейтінін айтты. Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы бір жердің екі адамға сатылғанын жоққа шығармады. "Шаңырақ" шағын ауданы бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысына қараса, 2018 жылдан бастап Шымкентке өткен. Сол себепті де екі жер телімі бір адамға сатылған екен.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/08/22617957_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_94f727827c17d5fd0854f7dc31a9b99d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, қандастар
Шымкентте үйсіз қалғалы тұрған қандастар мәселесі шешіледі
Қала басшысы Шымкентке оралған соң осы мәселені толық зерттейтінін айтты
АЛМАТЫ, 1 шілде – Sputnik. Шымкентте үйсіз қалғалы тұрған қандастар мәселесі шешіледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов хабарлады.
Елге осыдан 10-15 жыл бұрын оралған қандастарға квотамен жер берілген. Тұрғындар алты жылдан кейін 6 мың долларға сатып алған үйлерінің тағы бір иесі барын білген. Енді қайда барарын білмей отырған қандастар соттасудан да шаршаған көрінеді.
"Бұл жағдайды Нұр-Сұлтан қаласында жүргенде ғана білдім. Оған дейін хабарсыз болғанмын. Мәселе терең зерттеуді қажет етеді. Бұл азаматтар алаяқтардың арбауына түсті деген мәлімет бар. Сайрам ауданында да осындай мәселе туындады. Тұрғындар барып сотқа жүгінген. Алайда ақыр аяғында соттың шешімімен бірінші сатып алған адам жердің иесі деп танылды", - – деді Мұрат Әйтенов.
Қала басшысы Шымкентке оралған соң осы мәселені толық зерттейтінін айтты.
"Қандастарымызға барып көмек қолын созамыз. Оларды ешқашан далада қалдырмаймыз. Әріптестерім мен Шымкенттегі жомарт азаматтарды жұмылдырып мәселені қолға аламын", – деді Мұрат Әйтенов.
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы бір жердің екі адамға сатылғанын жоққа шығармады.
"Шаңырақ" шағын ауданы бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысына қараса, 2018 жылдан бастап Шымкентке өткен. Сол себепті де екі жер телімі бір адамға сатылған екен.