https://sputnik.kz/20220701/shymkent-akimi-lrt-brt-25880571.html
Шымкент әкімі LRT және BRT құрылысына қатысты пікірін бөлісті
Шымкент әкімі LRT және BRT құрылысына қатысты пікірін бөлісті
Sputnik Қазақстан
Сарапшылардың пікірінше, тұрғындар саны миллионға жуықтайтын қалаға балама көлік түрі қажет 01.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-01T12:00+0500
2022-07-01T12:00+0500
2022-07-01T12:27+0500
өңірлер
шымкент
әкім
https://sputnik.kz/img/645/60/6456087_0:73:1600:973_1920x0_80_0_0_0056110f227df944ba9bfa0f29cde7a7.jpg
АЛМАТЫ, 1 шілде – Sputnik. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов LRT және BRT салу жайлы пікірін бөлісіп, қаланың бас жоспарындағы өзгерістер туралы айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. Мұрат Әйтеновтің айтуынша, бас жоспар жаңадан құрылмайды, оған өзгерістер енгізіледі. Өйткені бас жоспар 2012 жылы бекітілген. Содан бері Шымкент облыс орталығынан республикалық маңызы бар қалаға айналған. Шаһар басшысы бас жоспарға LRT және BRT салу енгізілгенін, бірақ жобаынң жүзеге асу-аспауы әлі белгісіз екенін айтты. "Биыл жоспарға халықтың өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізілуде. Біз қала тұрғындары өз ұсыныстарын енгізуі үшін бір ай уақыт бердік. Басқа мемлекеттерде LRT, BRT қосылғанын өзіңіз көріп жүрсіздер. Сарапшылардың пікірінше, тұрғындар саны миллионға жуықтайтын қалаға балама көлік түрі қажет. Өйткені халық санының өсу динамикасы байқалады. Қазір LRT және BRT сызбалары дайындалуда. Алдағы уақытта бұл қалай қосылатыны туралы мәселені үкіметпен талқылаймыз. Дегенмен біз LRT енгізу үшін инвесторларды тарту мүмкіндігін қарастырамыз", - деді Мұрат Әйтенов. Әкім LRT құрылысының жоспары әзірге нақты емес екенін, мұның бәрі сызбалар әзірленгеннен кейін шешілетінін жеткізді. Айтуынша, барлығы қала бюджетіне және инвесторлардың ұсыныстарына байланысты.
https://sputnik.kz/20211118/Shymkent-zhol-sayasi-qugyn-surgin-18689826.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/645/60/6456087_104:0:1496:1044_1920x0_80_0_0_f00b65ec4fbd1b522baaed922c162288.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, әкім
Шымкент әкімі LRT және BRT құрылысына қатысты пікірін бөлісті
12:00 01.07.2022 (жаңартылды: 12:27 01.07.2022) Сарапшылардың пікірінше, тұрғындар саны миллионға жуықтайтын қалаға балама көлік түрі қажет
АЛМАТЫ, 1 шілде – Sputnik. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов LRT және BRT салу жайлы пікірін бөлісіп, қаланың бас жоспарындағы өзгерістер туралы айтты, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мұрат Әйтеновтің айтуынша, бас жоспар жаңадан құрылмайды, оған өзгерістер енгізіледі. Өйткені бас жоспар 2012 жылы бекітілген. Содан бері Шымкент облыс орталығынан республикалық маңызы бар қалаға айналған.
Шаһар басшысы бас жоспарға LRT және BRT салу енгізілгенін, бірақ жобаынң жүзеге асу-аспауы әлі белгісіз екенін айтты.
"Биыл жоспарға халықтың өсу динамикасын ескере отырып, өзгерістер енгізілуде. Біз қала тұрғындары өз ұсыныстарын енгізуі үшін бір ай уақыт бердік. Басқа мемлекеттерде LRT, BRT қосылғанын өзіңіз көріп жүрсіздер. Сарапшылардың пікірінше, тұрғындар саны миллионға жуықтайтын қалаға балама көлік түрі қажет. Өйткені халық санының өсу динамикасы байқалады. Қазір LRT және BRT сызбалары дайындалуда. Алдағы уақытта бұл қалай қосылатыны туралы мәселені үкіметпен талқылаймыз. Дегенмен біз LRT енгізу үшін инвесторларды тарту мүмкіндігін қарастырамыз", - деді Мұрат Әйтенов.
Әкім LRT құрылысының жоспары әзірге нақты емес екенін, мұның бәрі сызбалар әзірленгеннен кейін шешілетінін жеткізді. Айтуынша, барлығы қала бюджетіне және инвесторлардың ұсыныстарына байланысты.