https://sputnik.kz/20220701/sary-aymaq-onirler-karantin-kusheytiledi-25883521.html
"Сары" аймаққа кірген өңірлерде карантин күшейтіледі
"Сары" аймаққа кірген өңірлерде карантин күшейтіледі
Sputnik Қазақстан
Өңірлер "сары" аймаққа көшкен жағдайда қосымша шектеу шаралары қабылданады 01.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-01T13:13+0500
2022-07-01T13:13+0500
2022-07-01T13:13+0500
денсаулық
коронавирус
карантин
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1a/15296378_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_3a26d1c86e3e6bc65e59b2ecabcfeb7b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.Елде COVID-19 жұқтырғандардың көбейіп бара жатқанын ескеріп, ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің "сары" аймағына көшкен жағдайда мынадай қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылдады:Сондай-ақ өңірдің эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, ұшақта, пойызда және халықаралық автобустарда бетперде тағу ұсынылды.Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде маусым айының ортасынан бастап коронавирус жұқтырғанындар саны артқанын атап өтті. Мәселен, өткен аптамен салыстарғанда жұқтыру жағдайлары 2,9 есе өскен, науқастардың 80%-іне жуығы – індетке қарсы екпе алмағандар және соңғы екпеден кейін 6 ай өтіп кеткендер.Ералы Тоғжанов облыс әкімдеріне коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын күшейтуді, сырқаттанғандар көбейген жағдайда кадрлармен, дәрі-дәрмек қоры және төсек орындарымен қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, вице-премьер халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екенін ескертті.
https://sputnik.kz/20220701/qazaqstan-adam-koronavirus-25874344.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1a/15296378_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_e8d295ab6553d540071f8b8cd15552da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, карантин
"Сары" аймаққа кірген өңірлерде карантин күшейтіледі
Өңірлер "сары" аймаққа көшкен жағдайда қосымша шектеу шаралары қабылданады
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Елде COVID-19 жұқтырғандардың көбейіп бара жатқанын ескеріп, ведомствоаралық комиссия өңірлер эпидемиологиялық қауіп-қатердің "сары" аймағына көшкен жағдайда мынадай қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылдады:
науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандарды қашықтан жұмыс режиміне көшіру;
COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруға болмайтын қызметкерлер мен жүкті әйелдерді қашықтан жұмысқа ауыстыру;
жабық мекемелер мен қоғамдық көлікте міндетті түрде маска тағу;
10-нан астам адам қатысатын жиналыстарды онлайн форматта өткізу.
Сондай-ақ өңірдің эпидемиологиялық ахуалына қарамастан, ұшақта, пойызда және халықаралық автобустарда бетперде тағу ұсынылды.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде маусым айының ортасынан бастап коронавирус жұқтырғанындар саны артқанын атап өтті. Мәселен, өткен аптамен салыстарғанда жұқтыру жағдайлары 2,9 есе өскен, науқастардың 80%-іне жуығы – індетке қарсы екпе алмағандар және соңғы екпеден кейін 6 ай өтіп кеткендер.
Ералы Тоғжанов облыс әкімдеріне коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын күшейтуді, сырқаттанғандар көбейген жағдайда кадрлармен, дәрі-дәрмек қоры және төсек орындарымен қамтамасыз етуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, вице-премьер халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екенін ескертті.