Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

РФ қорғаныс министрлігі: әскерилер ДХР-да су құбырын салады

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуводовод, архивное фото
водовод, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2022
Жазылу
Тұрғындарды тұшы сумен қамтамасыз ететін су таратқыш жүйесінің құрылысына 300-ден астам адам мен 100 техника жұмылдырылған
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Ресейлік әскери құрылысшылар Донецк Халық Республикасында Ханженковское су қоймасы мен Северский Донец арнасын байланыстыратын жаңа су таратқыш салады.
Бұл туралы РИА Новости агенттігі Ресей қорғаныс министрлігінің ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Ресей Қорғаныс министрлігінің әскери-құрылыс кешенінің мамандары Донецк Халық Республикасының тұрғындарын тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында жаңа су таратқыш жабдықтың құрылыстар кешенін тұрғызып жатыр.
"Жаңа су арнасы Донецк Халық Республикасының бірнеше елді мекенін тұщы сумен қамтамасыз етеді. Жұмыстар жеті ауданда жүргізіліп жатыр. Жүйені сумен толтыру үшін су қоймаларында сүзу жүйесі бар қалқымалы сорғы станцияларын орнату жоспарланып отыр. Су тарату жүйесінің өткізу қабілеті тәулігіне 100 мың текше метрді құрайды", - деді Қорғаныс министрлігіндегілер.
Ханженковское су қоймасынан Северский Донец арнасына дейінгі су құбырының ұзындығы 21,5 километрді құрайды. Барлығы төрт құбыр желісі тартылып, нәтижесінде олардың жалпы ұзындығы 90 километрден асады.
Ведомствоның мәліметінше, мамандар құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісті. Инженерлік-геологиялық сынақтар жалғасып жатыр, траншея әзірлеу және құбыр төсеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0