https://sputnik.kz/20220701/nur-sultan-turkiya-dariger-sheberlik-sagaty-25889932.html
Нұр-Сұлтанда түркиялық дәрігерлер шеберлік сағатын өткізіп жатыр
Нұр-Сұлтанда түркиялық дәрігерлер шеберлік сағатын өткізіп жатыр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Елордадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында шеберлік сағаты басталды. Оның аясында Түркиядан келген уролог дәрігер... 01.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-01T21:17+0500
2022-07-01T21:17+0500
2023-08-10T12:26+0500
түркия
дәрігер
https://sputnik.kz/img/275/47/2754790_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a14ba9aa1ae67b96e388563160da2025.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Елордадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында шеберлік сағаты басталды. Оның аясында Түркиядан келген уролог дәрігер, профессор Али Текин бастаған операциялық бригада 4 ота жасап, "Балалар урологиясындағы эндовидеохирургия" тақырыбында консультация мен дәріс өткізеді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының және республиканың басқа өңірлерінен келген балалар урологтары қатысып жатыр.Басқарма басшысының айтуынша, келесі жылдан бастап елорданың денсаулық сақтау саласында стационарларды қайта жарақтандырудың нақты бағдарламасы қабылданбақ."Біз мұнда өз тәжірибемізбен бөлісуге келдік. Жұмысымыз барлығына, оның ішінде, ең бастысы кішкентай пациенттерге пайдасы тиеді деген ойдамыз", - деді профессор Али Текин.Шеберлік сыныбы осы жылдың мамыр айында №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы мен Acıbadem (Аджибадем) International Стамбул клиникасы арасында қол қойылған меморандум аясында өтіп жатыр.Айта кетейік, 2006 жылы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында балалар уронефрологиялық бөлімшесі ашылды. Жыл сайын мұнда республиканың түкпір-түкпірінен келген 1500-ге жуық балаға көмек көрсетіледі. Аталған бөлімше "Астана" Медицина Университеті" АҚ балалар хирургиясы мен балалар аурулары кафедрасының базаларының бірі болып есептеледі.Бүгінде меморандум аясында клиникада 10 кішкентай пациентке кеңес берілді, ал ертең оларға ота жасалмақ.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/275/47/2754790_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_98ac88987988f83c83e2ac43949d2452.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, дәрігер
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Елордадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында шеберлік сағаты басталды. Оның аясында Түркиядан келген уролог дәрігер, профессор Али Текин бастаған операциялық бригада 4 ота жасап, "Балалар урологиясындағы эндовидеохирургия" тақырыбында консультация мен дәріс өткізеді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының және республиканың басқа өңірлерінен келген балалар урологтары қатысып жатыр.
"Балалар урологиясының дамуы қаламыз үшін үлкен маңызға ие. Біз соңғы бірнеше жылда ересектер урологиясы бойынша эндоскопиялық аз инвазивті технологияларды енгізуде белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік. Осы тұрғыдан балалар урологиясын дамытуды бастауымыз керек деп ойлаймын", - деп атап өтті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.
Басқарма басшысының айтуынша, келесі жылдан бастап елорданың денсаулық сақтау саласында стационарларды қайта жарақтандырудың нақты бағдарламасы қабылданбақ.
"Біз мұнда өз тәжірибемізбен бөлісуге келдік. Жұмысымыз барлығына, оның ішінде, ең бастысы кішкентай пациенттерге пайдасы тиеді деген ойдамыз", - деді профессор Али Текин.
Шеберлік сыныбы осы жылдың мамыр айында №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы мен Acıbadem (Аджибадем) International Стамбул клиникасы арасында қол қойылған меморандум аясында өтіп жатыр.
Айта кетейік, 2006 жылы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында балалар уронефрологиялық бөлімшесі ашылды. Жыл сайын мұнда республиканың түкпір-түкпірінен келген 1500-ге жуық балаға көмек көрсетіледі. Аталған бөлімше "Астана" Медицина Университеті" АҚ балалар хирургиясы мен балалар аурулары кафедрасының базаларының бірі болып есептеледі.
Бүгінде меморандум аясында клиникада 10 кішкентай пациентке кеңес берілді, ал ертең оларға ота жасалмақ.