https://sputnik.kz/20220701/kherson--simferopol-avtobusy-segiz-zhyldan-keyin-algash-ret-reyske-shyqty-25958814.html
Херсон – Симферополь автобусы сегіз жылдан кейін алғаш рет рейске шықты
Херсон – Симферополь автобусы сегіз жылдан кейін алғаш рет рейске шықты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Сегіз жылдан кейін алғаш рет Херсоннан Симферопольге бағытталған автобус кесте бойынша сағат 6.30-да жолға шықты, деп хабарлайды... 01.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-01T12:48+0500
2022-07-01T12:48+0500
2022-07-05T15:49+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
автобус
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17446263_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_eef26b52d9ff94786ed8f741a8a47bec.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Сегіз жылдан кейін алғаш рет Херсоннан Симферопольге бағытталған автобус кесте бойынша сағат 6.30-да жолға шықты, деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.Ұзындығы 260 километрден сәл асатын бұл рейспен Қырымға жеті жолаушы аттанды. Вокзалда қауіпсіздікті ресейлік күш құрылымдары қамтамасыз етті."Біз бірінші бағдарды мүмкіндігінше қауіпсіз етуге тырыстық. Қырыммен бірге Херсон – Симферополь бағытын ұйымдастырдық. Бағдарлы автобус шекараға дейін апарады, ол жақта төлқұжат пен жеке заттар тексеріледі, содан кейін жолаушылар Қырым автобусына ауысып, әрі қарай жол жүреді", - деді журналистерге қоғамдық көлік жолға шыққан сәтте Херсон облысының әскери-азаматтық әкімшілігінің көлік департаментінің директоры Тимур Худояров.Оның айтуынша, жол жүру ақысын 1 300 рубльге дейін төмендету үшін қолдан келгеннің барлығы жасалған. Күніне екі автобус, сағат 6.30 бен 15.00-де жүреді."Бағдарды арттыру жоспарда бар. Біз технологиялық мүмкіндік туған жағдайда жолаушыларды тезірек жеткізу амалын дамытуға және тікелей рейстерді ұйымдастыруға тырысамыз", - деді Худояров.Арнайы операция барысында Ресей әскерилері Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов бөлігін бақылауға алды. Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады, сауда байланыстары қалпына келтіріліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17446263_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_0506b4b8046d40903432f2c7ac47944c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автобус
Херсон – Симферополь автобусы сегіз жылдан кейін алғаш рет рейске шықты
12:48 01.07.2022 (жаңартылды: 15:49 05.07.2022) НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Сегіз жылдан кейін алғаш рет Херсоннан Симферопольге бағытталған автобус кесте бойынша сағат 6.30-да жолға шықты, деп хабарлайды
РИА Новости тілшісі.
Ұзындығы 260 километрден сәл асатын бұл рейспен Қырымға жеті жолаушы аттанды. Вокзалда қауіпсіздікті ресейлік күш құрылымдары қамтамасыз етті.
"Біз бірінші бағдарды мүмкіндігінше қауіпсіз етуге тырыстық. Қырыммен бірге Херсон – Симферополь бағытын ұйымдастырдық. Бағдарлы автобус шекараға дейін апарады, ол жақта төлқұжат пен жеке заттар тексеріледі, содан кейін жолаушылар Қырым автобусына ауысып, әрі қарай жол жүреді", - деді журналистерге қоғамдық көлік жолға шыққан сәтте Херсон облысының әскери-азаматтық әкімшілігінің көлік департаментінің директоры Тимур Худояров.
Оның айтуынша, жол жүру ақысын 1 300 рубльге дейін төмендету үшін қолдан келгеннің барлығы жасалған. Күніне екі автобус, сағат 6.30 бен 15.00-де жүреді.
"Бағдарды арттыру жоспарда бар. Біз технологиялық мүмкіндік туған жағдайда жолаушыларды тезірек жеткізу амалын дамытуға және тікелей рейстерді ұйымдастыруға тырысамыз", - деді Худояров.
Арнайы операция барысында Ресей әскерилері Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов бөлігін бақылауға алды. Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады, сауда байланыстары қалпына келтіріліп жатыр.