https://sputnik.kz/20220701/elorda-turgyny-korshisinen-kek-alu-ushin-eki-qalany-minalagan-25881881.html
Елорда тұрғыны көршісінен кек алу үшін екі қаланы "миналаған"
Елорда тұрғыны көршісінен кек алу үшін екі қаланы "миналаған"
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көршісінің атынан екі қаладағы бірқатар нысанға бомба туралы хат жіберген ер адам сотталды, деп хабарлайды Есіл... 01.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-01T12:44+0500
2022-07-01T12:44+0500
2022-07-01T12:46+0500
қоғам
мина
көрші
https://sputnik.kz/img/139/09/1390901_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_1396e9fc165ba6905a765f72623367ae.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көршісінің атынан екі қаладағы бірқатар нысанға бомба туралы хат жіберген ер адам сотталды, деп хабарлайды Есіл ауданы №2 соты.Анықталғандай, елорда тұрғыны үнемі тыныштықты бұзған көршісімен ұрсысып қалған. 2022 жылғы қаңтар айында ол көршісінен кек алмақ болады. Сөйтіп жаңа телефон сатып алып, нөмірді көршісінің атына тіркеп, электронды пошта құрған. Наурыз айының соңында Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларына, сауда орталықтары мен басқа да нысандарға бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат жіберген.Содан кейін ер адам ұялы телефонды көршісі тұратын пәтердің жанындағы баспалдақ алаңына қалдырып кеткен. Оны көршінің кәмелетке толмаған қызы тауып, әкесіне берген.Қала тұрғынының заңсыз әрекеті салдарынан адамдардың тыныштығы бұзылып, әуежайларда рейстер кешікті."Қылмыстық істің материалдары сотталушының кінәсін дәлелдеді. Ер адам кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінді. Сот үкімімен ол 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20220331/nur-sultan-auezhay-sauda-ortalygy-mina-23871123.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/139/09/1390901_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_a9faf15c11611d548f14516378486b9a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мина, көрші
Елорда тұрғыны көршісінен кек алу үшін екі қаланы "миналаған"
12:44 01.07.2022 (жаңартылды: 12:46 01.07.2022) НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көршісінің атынан екі қаладағы бірқатар нысанға бомба туралы хат жіберген ер адам сотталды, деп хабарлайды Есіл ауданы №2 соты.
Анықталғандай, елорда тұрғыны үнемі тыныштықты бұзған көршісімен ұрсысып қалған. 2022 жылғы қаңтар айында ол көршісінен кек алмақ болады. Сөйтіп жаңа телефон сатып алып, нөмірді көршісінің атына тіркеп, электронды пошта құрған. Наурыз айының соңында Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларына, сауда орталықтары мен басқа да нысандарға бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат жіберген.
Содан кейін ер адам ұялы телефонды көршісі тұратын пәтердің жанындағы баспалдақ алаңына қалдырып кеткен. Оны көршінің кәмелетке толмаған қызы тауып, әкесіне берген.
Қала тұрғынының заңсыз әрекеті салдарынан адамдардың тыныштығы бұзылып, әуежайларда рейстер кешікті.
"Қылмыстық істің материалдары сотталушының кінәсін дәлелдеді. Ер адам кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінді. Сот үкімімен ол 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.