https://sputnik.kz/20220701/ekibastuz-zhalgan-politseyler-kredit-25888420.html
Екібастұзда жалған полицейлер тұрғындардың атына кредит рәсімдеген
Екібастұзда жалған полицейлер тұрғындардың атына кредит рәсімдеген
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Павлодар облысының Екібастұз қаласында полиция қызметкерлерінің атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікпен 3 адам ұсталды, деп... 01.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-01T16:35+0500
2022-07-01T16:35+0500
2022-07-01T16:35+0500
екібастұз
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25186258_0:11:1281:731_1920x0_80_0_0_b7dd4bc205aac7efbaf0376ba8a3bd8c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Павлодар облысының Екібастұз қаласында полиция қызметкерлерінің атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікпен 3 адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.Олардың бірі – тонау қылмысы үшін бұрын сотталған Павлодар қаласының тұрғыны.Күдіктілер келесі схема бойынша әрекет еткен: көшедегі азаматтарға өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, құжат тексеріп жүрміз деп алдаған. Әрі қарай олар банк қосымшаларында сәйкестендіруден өтіп, азаматтарға тауарлық немесе қолма-қол кредит ресімдеген."Қазіргі уақытта күдіктілердің Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 8 фактіге қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ ұсталғандардан полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді", – деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.Осы фактілер бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) және 390-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1f/25186258_0:0:975:731_1920x0_80_0_0_e558e8cd70e9ff584a9b426b1eeedf64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз
Екібастұзда жалған полицейлер тұрғындардың атына кредит рәсімдеген
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Павлодар облысының Екібастұз қаласында полиция қызметкерлерінің атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікпен 3 адам ұсталды, деп хабарлады
Polisia.kz. Олардың бірі – тонау қылмысы үшін бұрын сотталған Павлодар қаласының тұрғыны.
Күдіктілер келесі схема бойынша әрекет еткен: көшедегі азаматтарға өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, құжат тексеріп жүрміз деп алдаған. Әрі қарай олар банк қосымшаларында сәйкестендіруден өтіп, азаматтарға тауарлық немесе қолма-қол кредит ресімдеген.
"Қазіргі уақытта күдіктілердің Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 8 фактіге қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ ұсталғандардан полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді", – деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.
Осы фактілер бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) және 390-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.