https://sputnik.kz/20220701/batys-qazaqstan-kiik-muyizi-25894040.html
Батыс Қазақстанда киік мүйізін сатпақ болған тұрғындар ұзақ мерзімге сотталды
Батыс Қазақстанда киік мүйізін сатпақ болған тұрғындар ұзақ мерзімге сотталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында мыңнан астам киік мүйізін заңсыз жолмен Ресейге өткізбек болған екі тұрғын ұзақ мерзімге сотталды. 01.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-01T20:40+0500
2022-07-01T20:40+0500
2023-08-10T12:31+0500
бұғы
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0c/16773378_0:157:1680:1102_1920x0_80_0_0_97cd1ba546f6f95eaa51002aea3ab35c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында мыңнан астам киік мүйізін заңсыз жолмен Ресейге өткізбек болған екі тұрғын ұзақ мерзімге сотталды.Орал қалалық соты оларды киік мүйізін аса ірі көлемде заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін кінәлі деп тапты. Сот оларды жеті және сегіз жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады "Мой город" басылымы.Сотталғандар Орал қаласында МАЗ-дың тіркемесіндегі жасырын орынға 1169 мүйіз жасырған. Оларды Ресейде сатуды жоспарлаған. Көлік қаладан шығаберісте ұсталды. Мемлекетке келтірілген шығын 2,5 миллиард теңгеге бағаланып отыр.Сотталушылардың бірі сыбайласының бұған еш қатысы жоқ екенін айтқан. Алайда мемлекеттік айыптаушы екеуінің де кінәсін дәлелдейтін айғақтар келтірді.Сондай-ақ сот сотталушылардан келтірілген шығын сомасын өндіру туралы шешім қабылдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0c/16773378_2:0:1678:1257_1920x0_80_0_0_fcb71f72d244b6fe175b7e607eae4525.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұғы
Батыс Қазақстанда киік мүйізін сатпақ болған тұрғындар ұзақ мерзімге сотталды
20:40 01.07.2022 (жаңартылды: 12:31 10.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында мыңнан астам киік мүйізін заңсыз жолмен Ресейге өткізбек болған екі тұрғын ұзақ мерзімге сотталды.
Орал қалалық соты оларды киік мүйізін аса ірі көлемде заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін кінәлі деп тапты. Сот оларды жеті және сегіз жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады "
Мой город" басылымы.
Сотталғандар Орал қаласында МАЗ-дың тіркемесіндегі жасырын орынға 1169 мүйіз жасырған. Оларды Ресейде сатуды жоспарлаған. Көлік қаладан шығаберісте ұсталды. Мемлекетке келтірілген шығын 2,5 миллиард теңгеге бағаланып отыр.
Сотталушылардың бірі сыбайласының бұған еш қатысы жоқ екенін айтқан. Алайда мемлекеттік айыптаушы екеуінің де кінәсін дәлелдейтін айғақтар келтірді.
Сондай-ақ сот сотталушылардан келтірілген шығын сомасын өндіру туралы шешім қабылдады.