https://sputnik.kz/20220701/alikhan-smayylov-ekonomikany-demonopolizatsiyalau-25874710.html
Мұнайдың биржалық сауда-саттығын енгізу ұсынылды
Мұнайдың биржалық сауда-саттығын енгізу ұсынылды
Sputnik Қазақстан
ҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиында... 01.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-01T08:53+0500
2022-07-01T08:53+0500
2022-07-01T08:53+0500
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e6/07/01/25874317_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_3f303fd8790cb1cdda974efbae161255.jpg
ҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басты тауар нарықтарын реформалау жөніндегі ұсыныстары қаралды."Мұнай нарығындағы қатысушылар санын арттыру, мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы жағдайды жақсарту үшін мұнай өңдеу зауыттары мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардан тікелей сатып алу, мұнайдың биржалық сауда-саттығын енгізу, мұнай өнімдерін сату көлемін ұлғайту ұсынылды", - делінген Рrimeminister.kz ақпаратында.Тауарлық газ нарығын реформалау бойынша биржалық сауда-саттықты енгізу және жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлық газға қол жеткізу ережелерін қабылдау да талқыланды. Бұл жабдықтаушы ұйымдарға оны тікелей және бәсекелестік негізде алуға мүмкіндік береді.Әлихан Смайылов энергетика министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға бұл тәсілдерді ел экономикасына әсер ету тұрғысынан қосымша талдауды тапсырды.Сондай-ақ отырыста азаматтық авиация, қоғамдық көлік және қаржылық қызметтер нарықтарын демонополизациялау жөніндегі шаралар қаралды. Үкімет басшысы авиаотынмен биржалық сауда-саттық үлесін 10-нан 20%-ке дейін арттыру, әуежайларда ашық аспан режимін қолдану мерзімін 3-тен 5 жылға дейін ұлғайту жөніндегі ұсыныстарды қолдады. Ел ішіндегі банктер арасында клиенттердің ағымдағы шоттарын аудару жүйесін және ашық банктік бағдарламалық интерфейстер стандарттарын (Open Banking и Open API) енгізу мәселесі де қаралды.Электр энергиясы, теміржол жүк және жолаушылар тасымалы нарықтарын демонополизациялау жөнінде ұсыныстар айтылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/01/25874317_293:0:3024:2048_1920x0_80_0_0_0362df02fe2c0c0c360f83eb2073c87f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
Мұнайдың биржалық сауда-саттығын енгізу ұсынылды
ҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басты тауар нарықтарын реформалау жөніндегі ұсыныстары қаралды.
"Мұнай нарығындағы қатысушылар санын арттыру, мұнай және мұнай өнімдері нарығындағы жағдайды жақсарту үшін мұнай өңдеу зауыттары мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардан тікелей сатып алу, мұнайдың биржалық сауда-саттығын енгізу, мұнай өнімдерін сату көлемін ұлғайту ұсынылды", - делінген
Рrimeminister.kz ақпаратында.
Тауарлық газ нарығын реформалау бойынша биржалық сауда-саттықты енгізу және жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлық газға қол жеткізу ережелерін қабылдау да талқыланды. Бұл жабдықтаушы ұйымдарға оны тікелей және бәсекелестік негізде алуға мүмкіндік береді.
Әлихан Смайылов энергетика министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға бұл тәсілдерді ел экономикасына әсер ету тұрғысынан қосымша талдауды тапсырды.
Сондай-ақ отырыста азаматтық авиация, қоғамдық көлік және қаржылық қызметтер нарықтарын демонополизациялау жөніндегі шаралар қаралды. Үкімет басшысы авиаотынмен биржалық сауда-саттық үлесін 10-нан 20%-ке дейін арттыру, әуежайларда ашық аспан режимін қолдану мерзімін 3-тен 5 жылға дейін ұлғайту жөніндегі ұсыныстарды қолдады. Ел ішіндегі банктер арасында клиенттердің ағымдағы шоттарын аудару жүйесін және ашық банктік бағдарламалық интерфейстер стандарттарын (Open Banking и Open API) енгізу мәселесі де қаралды.
Электр энергиясы, теміржол жүк және жолаушылар тасымалы нарықтарын демонополизациялау жөнінде ұсыныстар айтылды.