https://sputnik.kz/20220630/toqaev-turkiya-aes-25868939.html
Тоқаев Түркияның "Аккую" АЭС-ін салудағы тәжірибесін жан-жақты зерделеуді тапсырды
Тоқаев Түркияның "Аккую" АЭС-ін салудағы тәжірибесін жан-жақты зерделеуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорда. 30.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-30T19:28+0500
2022-06-30T19:28+0500
2022-06-30T19:30+0500
қасым-жомарт тоқаев
түркия
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1b/25130177_1:0:2721:1530_1920x0_80_0_0_2f9c3cdee8904160bfc9c7a95b25b335.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорда.Отырыс барысында елімізде қауіпсіз атом және сутегі энергетикасын дамыту жөніндегі шараларға баса мән берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов пен "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады.Президент МАГАТЭ деректерін мысалға келтірді. Бұған сәйкес әлемдегі қуат көздерінің 10 пайызы атам энергетикасының үлесінде екені айтылды. Аталған сектор көмір (36,7%), газ (23,5 %) және гидроэнергетика (16 %) салаларынан кейін төртінші орында тұр.Оның айтуынша, геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Халықаралық энергетика агенттігі Еуропа одағы елдерін барлық атом электр станциясын жабу мәселесін кейінге шегеруге шақырған.Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда әлемнің 32 елінде 440-тан астам ядролық реактор бар екенін және 20-ға жуық мемлекет өз аумағында атом электр станциясын салу мүмкіндігін қарастырып отырғанын атап өтті. Олардың қатарында біздің елімізден бөлек, Чили, Индонезия, Алжир, Филиппин, Эфиопия, Сенегал және басқа да мемлекеттер бар.Сонымен қатар президенттің айтуынша, технологияларды жеткізушілердің шорт-парағын айқындау маңызды және онда баға өлшемдерінен бөлек технологиялардың сенімділігіне баса мән берілуге тиіс.Қасым-Жомарт Тоқаев білім алудың және өндірістік құзыретке қол жеткізудің аса маңызды екенін айтты."Басқаша айтқанда, біз болашақта білікті физиктерді, атом саласындағы кадрларды, инженерлер мен техникалық мамандарды дайындауымыз керек. Мүлдем жаңа оқу-өндірістік база құру қажет", – деді мемлекет басшысы.Президент Түркияның "Аккую" АЭС-ін салудағы тәжірибесін жан-жақты зерделеуді тапсырды.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1b/25130177_341:0:2381:1530_1920x0_80_0_0_f25ec21d38b162ef0d4e836fd798a236.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, түркия
қасым-жомарт тоқаев, түркия
НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Отырыс барысында елімізде қауіпсіз атом және сутегі энергетикасын дамыту жөніндегі шараларға баса мән берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов пен "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады.
Президент МАГАТЭ деректерін мысалға келтірді. Бұған сәйкес әлемдегі қуат көздерінің 10 пайызы атам энергетикасының үлесінде екені айтылды. Аталған сектор көмір (36,7%), газ (23,5 %) және гидроэнергетика (16 %) салаларынан кейін төртінші орында тұр.
"Атом энергетикасы көміртектің жылдық қалдықтарын шамамен 2 миллиард тоннаға азайта отырып, төмен көміртекті электр қуатының жалпы көлемінің үштен бірінен астамын өндіреді. Бұл 400 миллион автокөліктің қалдығына тең. Ал атом энергетикасының болашағына келетін болсақ, түрлі факторларға байланысты белгісіздік деңгейі өте жоғары. Алайда, қазіргі таңдағы энергия дағдарысы мен энергия ресурстары бағасының құбылмалы жағдайында "бейбіт атомды" пайдалану мәселесі көптеген үкіметтердің күн тәртібіне енгізілгені анық", – деді президент.
Оның айтуынша, геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Халықаралық энергетика агенттігі Еуропа одағы елдерін барлық атом электр станциясын жабу мәселесін кейінге шегеруге шақырған.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда әлемнің 32 елінде 440-тан астам ядролық реактор бар екенін және 20-ға жуық мемлекет өз аумағында атом электр станциясын салу мүмкіндігін қарастырып отырғанын атап өтті. Олардың қатарында біздің елімізден бөлек, Чили, Индонезия, Алжир, Филиппин, Эфиопия, Сенегал және басқа да мемлекеттер бар.
Сонымен қатар президенттің айтуынша, технологияларды жеткізушілердің шорт-парағын айқындау маңызды және онда баға өлшемдерінен бөлек технологиялардың сенімділігіне баса мән берілуге тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев білім алудың және өндірістік құзыретке қол жеткізудің аса маңызды екенін айтты.
"Басқаша айтқанда, біз болашақта білікті физиктерді, атом саласындағы кадрларды, инженерлер мен техникалық мамандарды дайындауымыз керек. Мүлдем жаңа оқу-өндірістік база құру қажет", – деді мемлекет басшысы.
Президент Түркияның "Аккую" АЭС-ін салудағы тәжірибесін жан-жақты зерделеуді тапсырды.