https://sputnik.kz/20220630/operator-rop-quryltayshysy-izdeu-25857011.html
"Оператор РОП-тың" экс-құрылтайшысына іздеу жарияланды
"Оператор РОП-тың" экс-құрылтайшысына іздеу жарияланды
Sputnik Қазақстан
Ақпарат берген адамға 12 миллион теңгеден астам сыйақы қарастырылған 30.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-30T13:01+0500
2022-06-30T13:01+0500
2022-06-30T13:03+0500
қоғам
іздеу
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1e/25854741_5:0:426:237_1920x0_80_0_0_0f47bf831c92e6095c7f5a095c4d0e42.png
НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "ӨКМ операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтароваға іздеу жариялады.Қылмыстық іс аясында оған 2017-2018 жылдары утилизация алымдарын қолды етті деген күдік тағылып отыр. 920 миллион теңге мөлшеріндегі қаражатты дивиденд түрінде заңсыз төлеп алған.Шынар Мұхтароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ақпарат ұсынғаны үшін 4 мың АЕК (1 АЕК - 3 180 теңге) дейін сыйақы қарастырылған."ӨКМ операторы" төңірегіндегі жанжал Кейбір мәліметтер бойынша, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Алия Назарбаевамен байланысты "ӨКМ Операторы" утилизация алымын жинаған. Яғни болашақта көлікті утилизациялауға қажет болатын біржолғы төлемдер алып отырған.2021 жылдың соңында мұндай ставка мен авто құнына наразылық білдірген қазақстандықтар петиция жасады. Олар көлікке утилизациялық алым төленбеуге тиіс деді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда мәжілісте сөйлеген сөзінде "ӨКМ операторы" функциясын тоқтатуды және мөлшерлемені қайта қарауды тапсырды. Оның пікірінше, мұнымен шет елдердегідей мемлекеттік ұйым айналысуға тиіс. "ӨКМ операторының" жұмысын енді "Жасыл Даму" компаниясы атқарады.Тергеу жүріп жатырҚаңтарда "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев қамауға алынды. Наурызда "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директоры Светлана Коротенкоға қатысты тергеу басталды. Ол 2016 жылдан бастап 2021 жылға дейін кәсіпорыннан автомобильдерді утилизациялаудың жоғары құнын белгілей отырып, 20 миллиард теңгеден астам соманы ұрлады деген күдікке ілінді.Сәуір айында Антикор "Оператор РОП" ЖШС-нің бұрынғы басқарушы директорын ұстады. Оған 13 миллиард теңге ұрлады деген айып тағылып отыр. Заңсыз алынған ақшаны ол Recycling Company ЖШС-на аударған."ӨКМ Операторы" құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Руслан Шәмшиев жұмыс кабинетінде өз-өзіне қол жұмсады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1e/25854741_110:0:426:237_1920x0_80_0_0_cfa87b9dbb4f3c6019f781fe9d4bae0e.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
іздеу
"Оператор РОП-тың" экс-құрылтайшысына іздеу жарияланды
13:01 30.06.2022 (жаңартылды: 13:03 30.06.2022) Ақпарат берген адамға 12 миллион теңгеден астам сыйақы қарастырылған
НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "ӨКМ операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұхтароваға іздеу жариялады.
Қылмыстық іс аясында оған 2017-2018 жылдары утилизация алымдарын қолды етті деген күдік тағылып отыр. 920 миллион теңге мөлшеріндегі қаражатты дивиденд түрінде заңсыз төлеп алған.
Шынар Мұхтароваға іздеу жарияланды және оған қатысты сот "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
"Егер сізде оның қайда екені туралы ақпарат болса, агенттікке хабарлауыңызды сұраймыз: call-орталық 1424, +7 (7172) 909 260", - делінген хабарламада.
Ақпарат ұсынғаны үшін 4 мың АЕК (1 АЕК - 3 180 теңге) дейін сыйақы қарастырылған.
"ӨКМ операторы" төңірегіндегі жанжал
Кейбір мәліметтер бойынша, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Алия Назарбаевамен байланысты "ӨКМ Операторы" утилизация алымын жинаған. Яғни болашақта көлікті утилизациялауға қажет болатын біржолғы төлемдер алып отырған.
2021 жылдың соңында мұндай ставка мен авто құнына наразылық білдірген қазақстандықтар петиция жасады. Олар көлікке утилизациялық алым төленбеуге тиіс деді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда мәжілісте сөйлеген сөзінде "ӨКМ операторы" функциясын тоқтатуды және мөлшерлемені қайта қарауды тапсырды.
Оның пікірінше, мұнымен шет елдердегідей мемлекеттік ұйым айналысуға тиіс. "ӨКМ операторының" жұмысын енді "Жасыл Даму" компаниясы атқарады.
Қаңтарда "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев қамауға алынды. Наурызда "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директоры Светлана Коротенкоға қатысты тергеу басталды. Ол 2016 жылдан бастап 2021 жылға дейін кәсіпорыннан автомобильдерді утилизациялаудың жоғары құнын белгілей отырып, 20 миллиард теңгеден астам соманы ұрлады деген күдікке ілінді.
Сәуір айында Антикор "Оператор РОП" ЖШС-нің бұрынғы басқарушы директорын ұстады. Оған 13 миллиард теңге ұрлады деген айып тағылып отыр. Заңсыз алынған ақшаны ол Recycling Company ЖШС-на аударған.
"ӨКМ Операторы" құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Руслан Шәмшиев жұмыс кабинетінде өз-өзіне қол жұмсады.