Елордада тарихи көрме ашылды – фото
16:13 30.06.2022 (жаңартылды: 16:14 30.06.2022)
© Sputnik / Владислав ВодневДипломатиялық қызметтің 30 жылдығына арналған фотокөрменің ашылу салтанаты
© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. "Бәйтерек" монументінің сыртқы істер министрлігіне қарайтын алаңында дипломатиялық қызметтің 30 жылдығына арналған фотокөрме ашылып, мұрағат құжаттары шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
© Sputnik / Владислав ВодневДипломатиялық қызметтің 30 жылдығына арналған фотокөрме
Дипломатиялық қызметтің 30 жылдығына арналған фотокөрме
© Sputnik / Владислав Воднев
Фотокөрме дипломатиялық қызметтің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. 1992 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі туралы ережеге қол қойылған болатын.
© Sputnik / Владислав ВодневДипломатиялық қызметтің 30 жылдығына арналған фотокөрме
Дипломатиялық қызметтің 30 жылдығына арналған фотокөрме
© Sputnik / Владислав Воднев
"Иә, Қазақстан сыртқы істер министрлігі 1944 жылдан бері болған. Алайда егемендік мен тәуелсіздік алғаннан кейін толыққанды функциясын орындай бастады деуге болады. Екі күннен кейін қазақстандық дипломатия символдық мерейтойын атап өтеді. Осыған орай, біз тарихи фотолар мен мұрағат құжаттарының көрмесін ашып отырмыз", - деді министрдің орынбасары Роман Василенко.
© Sputnik / Владислав ВодневДипломатиялық қызметтің 30 жылдығына арналған фотокөрме
Дипломатиялық қызметтің 30 жылдығына арналған фотокөрме
© Sputnik / Владислав Воднев
Көрмеге 100-ден астам фотосурет пен мұрағат құжаты қойылды. Соның ішінде 1992 жылғы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары ұйымының саммиті, Сирия келіссөздері, Еуразиялық экономикалық комиссияның отырыстары, өңіраралық форумдағы кездесулер, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қабылдануы және тағы басқа тарихи сәттер бар. Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обамамен кездескен суретін де көруге болады. Ол кезде Тоқаев сенатты басқарды.
© Sputnik / Владислав ВодневДипломатиялық қызметтің 30 жылдығына арналған фотокөрме
Дипломатиялық қызметтің 30 жылдығына арналған фотокөрме
© Sputnik / Владислав Воднев
"Бұл жерде күні кеше Ашхабадта өткен Каспий саммитінің суреті де бар. Осы көрме арқылы біз еліміздің 30 жылда халықаралық қарым-қатынастар саласында өткен жолын және қол жеткізген жетістіктерін көрсетуге тырыстық. Фотолардың көбісін қазақстандық дипломаттардың өздері түсірген. Олар көптеген ірі әрі маңызды оқиғаның куәгері болды", - деп атап өтті Василенко.
© Sputnik / Владислав ВодневДипломатиялық қызметтің 30 жылдығына арналған фотокөрме
Дипломатиялық қызметтің 30 жылдығына арналған фотокөрме
© Sputnik / Владислав Воднев
Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан 30 жылдың ішінде әлемнің 176 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Шетелде 66 елшілік, 17 бас консулдық, 2 дипломатиялық миссия мен 11 консулдық жұмыс істейді. Халықаралық ұйымдардың жанынан 5 өкілдік ашылған. Ал Қазақстанда шетелдің 70 елшілігі, 21 бас және тағы басқа консулдық бар. Халықаралық ұйымдар 38 өкілдік ашты. Осы уақытқа дейін Қазақстан 4 163 халықаралық келісімшартты рәсімдеді.