Саясат

Тоқаев жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды

© Photo : Официальный сайт президента Республики КазахстанҚасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердымұхамедов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердымұхамедов - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2022
Жазылу
Ашхабадта Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан президенттерінің қатысуымен VI Каспий саммиті өтіп жатыр
АЛМАТЫ, 29 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Түрікменстан президентінің шақыртуымен Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорда.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы президенті, халық мәслихаты ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі.
Еске сала кетсек, Ашхабадта Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан президенттерінің қатысуымен VI Каспий саммиті өтуде. Бесінші Каспий саммиті 2018 жылы Ақтауда өтті. Оның қорытындысы бойынша Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойылды.
Жаңалықтар
0