Құмар Ақсақалов Петропавл әкімінің отставкасы туралы: өзі кетті

© Sputnik / Владислав ВодневСирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год
Сирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының бұрынғы әкімінің қызметтен кетуіне қатысты алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде облыс орталығында проблема аз емес. Оған қоса, ескі ЖЭС-тің бір мұржасы опырылып құлады. Екіншісі де бұзылады. Оның орнына жаңа мұржа салынуы қажет. Алайда халық жұмыс жылыту маусымына дейін аяқталады дегенге сенбейді. Петропавл қаласының әкімі соны түсініп, отставкаға кетті деген әңгіме тарады. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұл болжамды жоққа шығарды.
"Қала әкімі отставкасының ЖЭС-ке еш қатысы жоқ. Бірақ ол сондай шешім қабылдады. Үш жарым жыл істеді. Отставкаға кету туралы шешімді өзі қабылдады. Мен жұмыс істемеймін деген азаматты қалай ұстаймын?", - деді Ақсақалов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, жуырда жаңа әкім тағайындалады.
"Қазір бірнеше кандидатура қаралды. Жақында тағайындалады", - деп атап өтті Ақсақалов.
Осы орайда облыс басшысы ЖЭС-ті жаңарту жұмыстарын уақытында аяқтауға уәде берді. Оның айтуынша, қазір барлық жұмыс кесте бойынша атқарылып жатыр. Сондықтан облыс орталығында жылыту маусымында проблема болмайды.
Жаңалықтар
0