Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина бірегей жетістікке қол жеткізді

© AP Photo / Mark J. TerrillЕлена Рыбакина
Елена Рыбакина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2022
Жазылу
Рыбакина күні кеше Ұлыбританияның ашық чемпионатының ашылу матчында америкалық Коко Вандевегеден басым түсті
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2022 жылы 31 кездесуде 168 эйс жасаған.
Екінші орында ресейлік Екатерина Александрова биылғы маусымда 33 ойын өткізіп, 160 эйске қол жеткізген. Үздік үштікті грекиялық Мария Саккари түйіндеді (38 ойында 151 эйс).
Айта кетері, Рыбакина күні кеше Ұлыбританияның ашық чемпионатының ашылу матчында америкалық Коко Вандевегені (WTA No157) 7:6 (7:2), 7:5 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды. Келесі раундта Елена US Open — 2019 чемпионы канадалық Бьянка Андреескумен кездеседі.
Ерлер құрамасының лидері Александр Бублик қазіргі уақытта бір маусымдағы эйс саны бойынша әлемде сегізінші орында тұр.
Жаңалықтар
0