https://sputnik.kz/20220629/qazaqstan-prezident-kaspiy-azyq-tulik-khaby-25842511.html
Қазақстан президенті Каспий маңы азық-түлік хабын құруды ұсынды
Қазақстан президенті Каспий маңы азық-түлік хабын құруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадтағы Алтыншы Каспий саммитінде сөз сөйледі. Қазақстан президенті Каспий маңы... 29.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-29T20:39+0500
2022-06-29T20:39+0500
2023-08-10T17:15+0500
қасым-жомарт тоқаев
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25106767_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_8fabcc959f5c31cbef8d32054d23a7ef.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадтағы Алтыншы Каспий саммитінде сөз сөйледі. Қазақстан президенті Каспий маңы азық-түлік хабын құруды ұсынды, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін күшейту мәселесіне арнайы тоқталды. Президенттің айтуынша, былтыр Қазақстанның Каспий маңы елдерімен арадағы өзара азық-түлік саудасының көлемі шамамен 3,5 миллиард доллар болды. Оның 70 пайызы Ресеймен құрлықтағы бағыт бойынша жүзеге асырылды.Мемлекет басшысы Қазақстанда азық-түлік тауарларын қаттау, сақтау және сату бойынша технологиялық тұрғыдан дамыған жүйесі бар заманауи көтерме-тарату орталықтарының құрылысы басталғанын айтты."Бұл орталықтар мен Каспий маңы азық-түлік хабы арасындағы жүйелі интеграция шаруалардың, сатып алушылардың, тасымалдаушылардың, сатушылар мен тұтынушылардың тиімді кооперациясына жаңа мүмкіндіктер ашады. Ең бастысы, жеткізілетін барлық өнімнің сатылуына сенімді кепілдік береді", – деп есептейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/1a/25106767_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_474d3e11ee099903a7f4773cba253d97.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, азық-түлік
қасым-жомарт тоқаев, азық-түлік
Қазақстан президенті Каспий маңы азық-түлік хабын құруды ұсынды
20:39 29.06.2022 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадтағы Алтыншы Каспий саммитінде
сөз сөйледі. Қазақстан президенті Каспий маңы азық-түлік хабын құруды ұсынды, деп хабарлады
Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін күшейту мәселесіне арнайы тоқталды. Президенттің айтуынша, былтыр Қазақстанның Каспий маңы елдерімен арадағы өзара азық-түлік саудасының көлемі шамамен 3,5 миллиард доллар болды. Оның 70 пайызы Ресеймен құрлықтағы бағыт бойынша жүзеге асырылды.
"Ет-сүт өнімдерінің экспортын арттыру үшін Қазақстанның әлеуеті мол. Мемлекеттеріміздің өзара сауда-саттығын күшейту үшін заманауи логистикалық инфрақұрылымды дәйекті түрде дамыту қажет. Сондықтан Каспий маңы азық-түлік хабын құруды ұсынамыз. Бұл шығынды барынша азайта отырып, өзара тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді, – деді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстанда азық-түлік тауарларын қаттау, сақтау және сату бойынша технологиялық тұрғыдан дамыған жүйесі бар заманауи көтерме-тарату орталықтарының құрылысы басталғанын айтты.
"Бұл орталықтар мен Каспий маңы азық-түлік хабы арасындағы жүйелі интеграция шаруалардың, сатып алушылардың, тасымалдаушылардың, сатушылар мен тұтынушылардың тиімді кооперациясына жаңа мүмкіндіктер ашады. Ең бастысы, жеткізілетін барлық өнімнің сатылуына сенімді кепілдік береді", – деп есептейді Қасым-Жомарт Тоқаев.