https://sputnik.kz/20220629/qazaqstan-pfizer-zharamdylyq-merzimi-25821730.html
Қазақстанда Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі ұзартылды
Қазақстанда Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі ұзартылды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Pfizer вакцинасының соңғы сатып алынған партиясының жарамдылық мерзімі шілде айының соңына дейін екені хабарланған болатын 29.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-29T07:44+0500
2022-06-29T07:44+0500
2022-06-29T08:03+0500
денсаулық
қазақстан
вакцина
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861379_0:366:2989:2047_1920x0_80_0_0_aba675ad9fcc111ed3859f1544bebbe1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Қазақстанда Pfizer вакцинасын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізіліп, препараттың жарамдылық мерзімі ұзартылды.Осыған байланысты қалған дозаларды енді қыркүйек пен қазанға дейін қолдануға болады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бұған дейін Pfizer вакцинасының соңғы сатып алынған партиясының жарамдылық мерзімі шілде айының соңына дейін екені хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның мерзімі өткен жоқ және сапасын жоғалтпады деп сендіреді.Мұның бәрі сақтау шарттарына байланысты. Америкалық өндірушілер бұл партияны пайдалану мерзімін сәуір айында ұзартты. Талап - минус 90 градустан минус 60 градусқа дейінгі температураның сақталуы.Маусым айының соңында Қазақстанда Pfizer-дің бірінші компонентін 1,2 миллионнан астам адам алды. Екінші компонент ретінде 1,1 миллионға жуық қазақстандыққа салынды. Соңғы мәліметтер бойынша, елде америкалық препараттың 300 мың дозасы қалған. Ковид көрсеткішінің өсуіне байланысты дәрігерлер қазақстандықтарды вакцинациялау арқылы вирустан қорғануға тағы да шақырды. "Вакцинация және ревакцинация бізде тоқтаған жоқ. Елде вакцина тапшылығы жоқ. Pfizer, Vero Cell және біздің отандық QazVac вакцинасы. Әрбір азамат ұжымдық иммунитетті сақтау үшін ревакцинациядан өтуі керек. Вакцинация емханалар мен вакцинация пунктерінде жүргізіледі", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861379_260:0:2989:2047_1920x0_80_0_0_a8708e8afd65857f840308702232df48.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, вакцина
Қазақстанда Pfizer вакцинасының жарамдылық мерзімі ұзартылды
07:44 29.06.2022 (жаңартылды: 08:03 29.06.2022) Бұған дейін Pfizer вакцинасының соңғы сатып алынған партиясының жарамдылық мерзімі шілде айының соңына дейін екені хабарланған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Қазақстанда Pfizer вакцинасын қолдану жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізіліп, препараттың жарамдылық мерзімі ұзартылды.
Осыған байланысты қалған дозаларды енді қыркүйек пен қазанға дейін қолдануға болады, деп хабарлайды
КТК телеарнасы.
Бұған дейін Pfizer вакцинасының соңғы сатып алынған партиясының жарамдылық мерзімі шілде айының соңына дейін екені хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның мерзімі өткен жоқ және сапасын жоғалтпады деп сендіреді.
Мұның бәрі сақтау шарттарына байланысты. Америкалық өндірушілер бұл партияны пайдалану мерзімін сәуір айында ұзартты. Талап - минус 90 градустан минус 60 градусқа дейінгі температураның сақталуы.
Маусым айының соңында Қазақстанда Pfizer-дің бірінші компонентін 1,2 миллионнан астам адам алды. Екінші компонент ретінде 1,1 миллионға жуық қазақстандыққа салынды.
Соңғы мәліметтер бойынша, елде америкалық препараттың 300 мың дозасы қалған. Ковид көрсеткішінің өсуіне байланысты дәрігерлер қазақстандықтарды вакцинациялау арқылы вирустан қорғануға тағы да шақырды.
"Вакцинация және ревакцинация бізде тоқтаған жоқ. Елде вакцина тапшылығы жоқ. Pfizer, Vero Cell және біздің отандық QazVac вакцинасы. Әрбір азамат ұжымдық иммунитетті сақтау үшін ревакцинациядан өтуі керек. Вакцинация емханалар мен вакцинация пунктерінде жүргізіледі", - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.