https://sputnik.kz/20220629/nur-sultanda-oyyn-terminaly-tarkilendi-25826037.html
Нұр-Сұлтанда 23 ойын автоматы тәркіленді – екі адамның ісі сотқа жіберілді
Нұр-Сұлтанда 23 ойын автоматы тәркіленді – екі адамның ісі сотқа жіберілді
Sputnik Қазақстан
Күдіктілер заңсыз бизнестен 10 миллион теңгеден астам пайда көріп үлгерген 29.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-29T10:12+0500
2022-06-29T10:12+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
сот
астана
https://sputnik.kz/img/746/20/7462010_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_4909cb52cea8ad1daf20839382799592.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі Нұр-Сұлтанда ойын терминалдарын заңсыз орнатқан екі қала тұрғынына қатысты тергеу шарасы аяқталғанын хабарлады. Елорда дүкендерінде 23 ойын терминалы тәркіленді. Ішінде 800 000 теңге болған. Бірақ күдіктілер заңсыз бизнестен 10 миллион теңгеден астам пайда көріп үлгерген. Айта кетері, Қазақстанда "Ойын бизнесі туралы" заңның 11-бабына сәйкес Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауын және Ақмола облысы Щучинск ауданын қоспағанда республика аумағында казино мен ойын автоматтарын орналастыруға тыйым салынады. "Сондай-ақ, заңсыз ойын бизнеске үй-жайларды бергені үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін еске саламыз. Егер сіздің үйіңізде немесе ауданыңызда орналасқан заңсыз ойын мекемелері туралы ақпарат болса, агенттіктің сенім телефонына хабарлаңыз", - деп атап көрсетті қызметкерлер.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/746/20/7462010_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_2dcf04cf2b061d33e873bf32118796e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, астана
Нұр-Сұлтанда 23 ойын автоматы тәркіленді – екі адамның ісі сотқа жіберілді
10:12 29.06.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Күдіктілер заңсыз бизнестен 10 миллион теңгеден астам пайда көріп үлгерген
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі Нұр-Сұлтанда ойын терминалдарын заңсыз орнатқан екі қала тұрғынына қатысты тергеу шарасы аяқталғанын хабарлады.
Елорда дүкендерінде 23 ойын терминалы тәркіленді. Ішінде 800 000 теңге болған. Бірақ күдіктілер заңсыз бизнестен 10 миллион теңгеден астам пайда көріп үлгерген.
"Күдіктілерге бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Мүлкі де тәркіленеді", - дейді агенттік мамандары.
Айта кетері, Қазақстанда "Ойын бизнесі туралы" заңның 11-бабына сәйкес Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауын және Ақмола облысы Щучинск ауданын қоспағанда республика аумағында казино мен ойын автоматтарын орналастыруға тыйым салынады.
"Сондай-ақ, заңсыз ойын бизнеске үй-жайларды бергені үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін еске саламыз. Егер сіздің үйіңізде немесе ауданыңызда орналасқан заңсыз ойын мекемелері туралы ақпарат болса, агенттіктің сенім телефонына хабарлаңыз", - деп атап көрсетті қызметкерлер.