https://sputnik.kz/20220629/krasukha-4s-kesheni-qalay-zhumys-isteydi-25852619.html
"Красуха-4С" кешені қалай жұмыс істейді
"Красуха-4С" кешені қалай жұмыс істейді
Sputnik Қазақстан
Ресейлік раиоэлектронды күрес кешендері (РЭК) зениттік зымыран жүйелерінің радарлары үшін технологиялық тұрғыдан қолжетімсіз әлдеқайда шағын биіктікте де... 29.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-29T21:36+0500
2022-06-29T21:36+0500
2022-06-30T11:56+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e5/03/1d/16650424_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_16c7edb0b8eb35c0d512928c842da36c.jpg
Ресейлік раиоэлектронды күрес кешендері (РЭК) зениттік зымыран жүйелерінің радарлары үшін технологиялық тұрғыдан қолжетімсіз әлдеқайда шағын биіктікте де әуедегі нысаналардың барлық түрін анықтап, тежей алады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.РЭК құралдары әуе шабуылына қарсы күрес жүйелерін алмастырмайды, керісінше, оларды күшейтіп, зениттік зақымдау құралдарымен интеграцияда әрекет етеді және Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы кезінде сәтті қолдалып жатыр29 маусымда Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі Орталық әскери округінің "Красуха-4С" мобильді кешенінің жоғары технологиялық жұмысын көрсетті. Ол Украинаның әуе кеңістігін сканерлеу және Украина қарулы күштерінің барлауға арналған пилотсыз ұшу аппаратының борттық радиолокациялық станциясын жаншуды қамтыды."Красуха-4С" кешенінің тактикалық және техникалық сипаттамалары әуе нысаналарының барлық түрін - кез келген биіктікте және жылдамдықта, 300 километрден астам қашықтықта басып жаншуға мүмкіндік береді."Радиоэлектронды күрес кешендерінің бағдарламалық-аппараттық құралдары пилотсыз ұшу аппараттарын басқару радиоарналарын, қарсыластың ұшақтары мен тікұшақтарының борттық электроникасын істен шығарады, яғни оларға барлау жүргізуге, нысаналы соққы жасауға мүмкіндік бермейді де, оларды биікке көтерілуге және әуе шабуылына қарсы күрес құралдарының анықтау аймағына кіруге мәжбүрлейді. Одан соң зениттік есептеулер іске қосылады", - деп жазды Хроленко.Өткен тәулікте Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Харьков және Херсон облыстарында Украинаның екі Су-25 шабуылдаушы ұшағын, Николаев облысында Ми-8 тікұшағын, сондай-ақ Украина Қарулы күштерінің тоғыз пилотсыз ұшу аппаратын майдан шебінің әртүрлі аумағында атып түсірді. Бұған әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін қуаттап тұрған радиоэлектронды күрес құралдарының да үлесі бар. Радиоэлектрондық күрес жүргізу құралдарының мамандары арнайы операция кезінде негізгі нысаналар өте төмен биіктікте ұшатын украиналық Су-25 шабуылдау ұшағы болғанын атап өтті."Красуха-4С" радиоэлектронды күрес жүйесінің негізгі мақсаты — әскери бөлімдерді, командалық пункттерді, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, маңызды өндірістік нысандарды әуе барлауынан және жоғары дәлдіктегі қарулардан қорғау. Радиоэлектронды күрес кешені кеңістікті тұрақты сканерлейді, нысаналарды анықтайды және қарсылас аппаратурасының жұмыс жиіліктерін талдайды да, содан кейін азимут пен орын бұрышын шектеусіз-ақ кең жиілік диапазонында радио кедергі түзеді. Қарсылас ұшақтарда, тікұшақтарда және пилотсыз ұшу аппаратында, соның ішінде Bayraktar дронында қолданылатын радиолокациялық жүйелердің барлық түрін бәсеңдетеді.Радиоэлектронды күрес құралдарын түрлі қарқындағы қарулы қақтығыстарда белсенді қолдану әскерді қорғап, шабуылдау әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сирияда "Красуха-4" сенімді түрде жихадшы содырлар Хмеймим авиабазасына шабуыл жасамақ болған пилотсыз ұшу аппараттарынбәсеңдетіп тастады. Сонымен қатар америкалықтар соққы беруге тырысқан "Томагавктардың" бағытын бұзды. Украинадағы әскери іс-қимыл кезінде ресейлік техника мен радиоэлектронды күрес кешендерін қолдану тактикасы Украина Қарулы күштеріне қашықтан көмек көрсететін Пентагон мен НАТО-ның жоғары технологиялық барлау құралдарымен қақтығыс кезінде жетілдіріліп жатыр."Красуха-4С" радиоэлектронды күрес кешені 2013 жылдан бері Ресей армиясына жеткізіліп жатқан және сериялық өндіріске шығарылған бұйымның әлдеқайда жетілдірілген модификациясы. Жаңа жүйенің негізгі артықшылығы – ақпарат алу және өңдеу рекетінің толық автоматтандырылуы, жүз проценттік тиімділік. Кешен түскен сигналдарды талдап, қорғалған байланыс жүйесіне енеді де, қуатты интеллектуалды-кедергі сәулесі арқылы қарсыласты радиолокациялық жүйесін істен шығарады."Ростех" 600 километр аумақта кедергі тудыру үшін бір ғана станция жеткілікті екенін хабарлаған болатын. АҚШ мамандарының пікірінше, "Красуха-4С" тыңшы-спутниктердің электроникасын да істен шығаруға қауқарлы. Кез келген аумақта еркін қозғала алатын төрт осьті "Камаз" (8х8) автомобильдері бұл кешеннің дөңгелек базасы қызметін атқарады."Украинадағы арнайы операцияда "Красуха-4С" техникасынан басқа, ресейлік әскер "Москва" және "Мурманск" жерүсті радиоэлектронды бәсеңдету жүйелерін, бірқатар авиация және кеме жүйелерін пайдаланады. Бұл техниканың шетелдік аналогтары жоқ. Бұған дейін америкалықтар бәсекелес кешен құруға тырысқанмен, одан түк шықпады", - деп жазды әскери сарапшы.Ресей әртүрлі диапазондағы радиоэлектрондық күрес жүйелерінің әзірлеу және соғыста қолдану бойынша әлемдік көшбасшы болып отыр. РФ Құрлық әскерлерінің төрт әскери округінде жеке радиоэлектронды күрес бригадаларының құрылғаны кездейсоқ емес.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/1d/16650424_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_21b36ee4e93a2910b71171363ce8fb83.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Ресейлік раиоэлектронды күрес кешендері (РЭК) зениттік зымыран жүйелерінің радарлары үшін технологиялық тұрғыдан қолжетімсіз әлдеқайда шағын биіктікте де әуедегі нысаналардың барлық түрін анықтап, тежей алады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
РЭК құралдары әуе шабуылына қарсы күрес жүйелерін алмастырмайды, керісінше, оларды күшейтіп, зениттік зақымдау құралдарымен интеграцияда әрекет етеді және Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы кезінде сәтті қолдалып жатыр
29 маусымда Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі Орталық әскери округінің "Красуха-4С" мобильді кешенінің жоғары технологиялық жұмысын көрсетті. Ол Украинаның әуе кеңістігін сканерлеу және Украина қарулы күштерінің барлауға арналған пилотсыз ұшу аппаратының борттық радиолокациялық станциясын жаншуды қамтыды.
"Красуха-4С" кешенінің тактикалық және техникалық сипаттамалары әуе нысаналарының барлық түрін - кез келген биіктікте және жылдамдықта, 300 километрден астам қашықтықта басып жаншуға мүмкіндік береді.
"Радиоэлектронды күрес кешендерінің бағдарламалық-аппараттық құралдары пилотсыз ұшу аппараттарын басқару радиоарналарын, қарсыластың ұшақтары мен тікұшақтарының борттық электроникасын істен шығарады, яғни оларға барлау жүргізуге, нысаналы соққы жасауға мүмкіндік бермейді де, оларды биікке көтерілуге және әуе шабуылына қарсы күрес құралдарының анықтау аймағына кіруге мәжбүрлейді. Одан соң зениттік есептеулер іске қосылады", - деп жазды Хроленко.
Өткен тәулікте Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Харьков және Херсон облыстарында Украинаның екі Су-25 шабуылдаушы ұшағын, Николаев облысында Ми-8 тікұшағын, сондай-ақ Украина Қарулы күштерінің тоғыз пилотсыз ұшу аппаратын майдан шебінің әртүрлі аумағында атып түсірді. Бұған әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін қуаттап тұрған радиоэлектронды күрес құралдарының да үлесі бар. Радиоэлектрондық күрес жүргізу құралдарының мамандары арнайы операция кезінде негізгі нысаналар өте төмен биіктікте ұшатын украиналық Су-25 шабуылдау ұшағы болғанын атап өтті.
"Красуха-4С" радиоэлектронды күрес жүйесінің негізгі мақсаты — әскери бөлімдерді, командалық пункттерді, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, маңызды өндірістік нысандарды әуе барлауынан және жоғары дәлдіктегі қарулардан қорғау. Радиоэлектронды күрес кешені кеңістікті тұрақты сканерлейді, нысаналарды анықтайды және қарсылас аппаратурасының жұмыс жиіліктерін талдайды да, содан кейін азимут пен орын бұрышын шектеусіз-ақ кең жиілік диапазонында радио кедергі түзеді. Қарсылас ұшақтарда, тікұшақтарда және пилотсыз ұшу аппаратында, соның ішінде Bayraktar дронында қолданылатын радиолокациялық жүйелердің барлық түрін бәсеңдетеді.
Радиоэлектронды күрес құралдарын түрлі қарқындағы қарулы қақтығыстарда белсенді қолдану әскерді қорғап, шабуылдау әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сирияда "Красуха-4" сенімді түрде жихадшы содырлар Хмеймим авиабазасына шабуыл жасамақ болған пилотсыз ұшу аппараттарынбәсеңдетіп тастады. Сонымен қатар америкалықтар соққы беруге тырысқан "Томагавктардың" бағытын бұзды. Украинадағы әскери іс-қимыл кезінде ресейлік техника мен радиоэлектронды күрес кешендерін қолдану тактикасы Украина Қарулы күштеріне қашықтан көмек көрсететін Пентагон мен НАТО-ның жоғары технологиялық барлау құралдарымен қақтығыс кезінде жетілдіріліп жатыр.
"Красуха-4С" радиоэлектронды күрес кешені 2013 жылдан бері Ресей армиясына жеткізіліп жатқан және сериялық өндіріске шығарылған бұйымның әлдеқайда жетілдірілген модификациясы. Жаңа жүйенің негізгі артықшылығы – ақпарат алу және өңдеу рекетінің толық автоматтандырылуы, жүз проценттік тиімділік. Кешен түскен сигналдарды талдап, қорғалған байланыс жүйесіне енеді де, қуатты интеллектуалды-кедергі сәулесі арқылы қарсыласты радиолокациялық жүйесін істен шығарады.
"Ростех" 600 километр аумақта кедергі тудыру үшін бір ғана станция жеткілікті екенін хабарлаған болатын. АҚШ мамандарының пікірінше, "Красуха-4С" тыңшы-спутниктердің электроникасын да істен шығаруға қауқарлы. Кез келген аумақта еркін қозғала алатын төрт осьті "Камаз" (8х8) автомобильдері бұл кешеннің дөңгелек базасы қызметін атқарады.
"Украинадағы арнайы операцияда "Красуха-4С" техникасынан басқа, ресейлік әскер "Москва" және "Мурманск" жерүсті радиоэлектронды бәсеңдету жүйелерін, бірқатар авиация және кеме жүйелерін пайдаланады. Бұл техниканың шетелдік аналогтары жоқ. Бұған дейін америкалықтар бәсекелес кешен құруға тырысқанмен, одан түк шықпады", - деп жазды әскери сарапшы.
Ресей әртүрлі диапазондағы радиоэлектрондық күрес жүйелерінің әзірлеу және соғыста қолдану бойынша әлемдік көшбасшы болып отыр. РФ Құрлық әскерлерінің төрт әскери округінде жеке радиоэлектронды күрес бригадаларының құрылғаны кездейсоқ емес.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.