Киіктерді атумен экология министрлігі айналысады

Киік - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2022
Жазылу
Батыс Қазақстанда қазір киіктер жайылымға ғана емес, егіс алқаптарына да кіріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Орал популяциясының 10 проценті реттелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биологиялық негіздеме аяқталды. Ғалымдар киіктер мәселесін реттеу қажет екенін айтып отыр. Бұл - Орал популяциясы. Қазір Орал популяциясының саны 800 мыңнан асады, соның он проценті реттеледі. Яғни 80 мың бас киік", - деді Брекешев мәжіліс кулуарында.

Журналистер министрден "800 мың киіктің 80 мыңы атыла ма?" деп сұрады. "Иә", деп жауап берді ол.
Айтуынша, бұл шара киік санын реттеуге және оларды көбейтуге бағытталған.
"Киіктер санын реттеу қажет болып отыр. Өйткені Батыс Қазақстанда қазір киіктер жайылымға ғана емес, егіс алқаптарына да кіріп жатыр", - деді ведомство басшысы.
Брекешев ғылыми зерттеу жүргізу үшін 500 бас киік алынатынын мәлімдеді. Реттеу жұмысы күзде, қазан айында басталады.
Қазір Қазақстанда 1,3 миллиондай киік бар.
Жаңалықтар
0