https://sputnik.kz/20220629/kaspiy-qubyr-zhelisi-konsortsiumy-aylaq-25838809.html
1 шілдеде Каспий құбыр желісі консорциумы айлақтарының бірі іске қосылады
1 шілдеде Каспий құбыр желісі консорциумы айлақтарының бірі іске қосылады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) Теңіз терминалының акваториясында қалдық мина қаупін жою шаралары жалғасып жатыр. 29.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-29T21:13+0500
2022-06-29T21:13+0500
2022-06-29T21:13+0500
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664815_0:85:3072:1813_1920x0_80_0_0_d5ba838cd24e283ada3f091a5fde57e4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) Теңіз терминалының акваториясында қалдық мина қаупін жою шаралары жалғасып жатыр.Қазіргі уақытта ШАҚ-1 (шығыңқы айлақ құрылғы) ауданында теңіз түбін зерттеу жалғасып, ШАҚ-1 жұмысы 2022 жылдың 5 шілдесіне дейін тоқтатылды.ШАҚ-3 жұмысы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, бұл жүк жөнелтушілердің сұранысын қазіргі тиеу кестесіне сәйкес орындауға мүмкіндік береді. ШАҚ-2 жұмысы 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Каспий құбыр желісі консорциумы.Каспий құбыр желісі консорциумы жоспарлы алдын алу жөндеу бағдарламасын іске асыру аясында ШАҚ-1 және ШАҚ-2 шығыңқы айлақ қондырғыларын ауыстыру бойынша ұзақ мерзімді жобаны жүзеге асырып жатыр, бұл теңіз түбімен жанасуға қатысты жұмыстарды қамтиды.Теңіз терминалының жұмыс аймағы мен акваториясы Ұлы Отан соғысы (ҰОС) жылдарындағы қиян-кескі шайқастардың, оның ішінде 1943 жылдың ақпанында Оңтүстік Озереевка елді мекеніне теңіз десантын түсіру кезінде болғанын атап өткен жөн.Бұрын хабарланғандай, Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Новороссийск теңіз порты мен Қара теңіз флотының талаптары мен ережелеріне сәйкес, жер жынысына жанасумен байланысты жұмыстарды бастамас бұрын қалдық мина қаупін жою мақсатында жарылыс қаупі бар нысандарды анықтау және жою бойынша міндетті шаралар кешенін жүзеге асыру үшін қажет.Терминалды салу кезеңінде және кейінірек Теңіз терминалы Каспий құбыр желісі акваториясында тиісті зерттеулер барысында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі оқ-дәрілер анықталып жойылды. Дегенмен акваторияның түбі табиғи себептерге байланысты су түбі жыныстары мен су қабаттарының қозғалу процестеріне ұшырайтынын ескеру қажет.Осыған байланысты теңіз түбімен жанасуға қатысты жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мақсатында 15 маусымнан қазіргі уақытқа дейін Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің құрама жасағымен ШАҚ-1 және ШАҚ-2 су айдындарындағы су асты қауіпті нысандарды одан әрі зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Минаға ұқсас нысандар туралы деректерді растау жылжымалы сүңгуір топтары және қашықтан басқарылатын су асты аппаратымен жүзеге асырылады.2022 жылғы 27 маусымда барлау кезінде ШАҚ-2 қауіпсіздік аймағында жарылу қаупі бар зат анықталды - 1943 жылғы модификациядағы терең теңіз минасының қорғаушысы, жарылғыш заттың салмағы шамамен 8,8 килограмм.Бұған дейін Каспий қүбыр желісі консорциумы бас директорының төтенше жағдайлар министрлігі құрама командасының басшылығымен кездесуі барысында қауіптілік анықтамасы негізінде расталған жарылғыш нысандар жою орнына көшірілетіні айтылды.2022 жылдың 29 маусымында Ресей ТЖМ мамандары анықталған жарылу қаупі бар затты жою жұмыстарын сәтті жүргізді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664815_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_6585708f763d6237de3ac0c51457465d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) Теңіз терминалының акваториясында қалдық мина қаупін жою шаралары жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта ШАҚ-1 (шығыңқы айлақ құрылғы) ауданында теңіз түбін зерттеу жалғасып, ШАҚ-1 жұмысы 2022 жылдың 5 шілдесіне дейін тоқтатылды.
ШАҚ-3 жұмысы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, бұл жүк жөнелтушілердің сұранысын қазіргі тиеу кестесіне сәйкес орындауға мүмкіндік береді. ШАҚ-2 жұмысы 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Каспий құбыр желісі консорциумы.
Каспий құбыр желісі консорциумы жоспарлы алдын алу жөндеу бағдарламасын іске асыру аясында ШАҚ-1 және ШАҚ-2 шығыңқы айлақ қондырғыларын ауыстыру бойынша ұзақ мерзімді жобаны жүзеге асырып жатыр, бұл теңіз түбімен жанасуға қатысты жұмыстарды қамтиды.
Теңіз терминалының жұмыс аймағы мен акваториясы Ұлы Отан соғысы (ҰОС) жылдарындағы қиян-кескі шайқастардың, оның ішінде 1943 жылдың ақпанында Оңтүстік Озереевка елді мекеніне теңіз десантын түсіру кезінде болғанын атап өткен жөн.
Бұрын хабарланғандай, Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Новороссийск теңіз порты мен Қара теңіз флотының талаптары мен ережелеріне сәйкес, жер жынысына жанасумен байланысты жұмыстарды бастамас бұрын қалдық мина қаупін жою мақсатында жарылыс қаупі бар нысандарды анықтау және жою бойынша міндетті шаралар кешенін жүзеге асыру үшін қажет.
Терминалды салу кезеңінде және кейінірек Теңіз терминалы Каспий құбыр желісі акваториясында тиісті зерттеулер барысында Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі оқ-дәрілер анықталып жойылды. Дегенмен акваторияның түбі табиғи себептерге байланысты су түбі жыныстары мен су қабаттарының қозғалу процестеріне ұшырайтынын ескеру қажет.
Осыған байланысты теңіз түбімен жанасуға қатысты жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мақсатында 15 маусымнан қазіргі уақытқа дейін Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің құрама жасағымен ШАҚ-1 және ШАҚ-2 су айдындарындағы су асты қауіпті нысандарды одан әрі зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Минаға ұқсас нысандар туралы деректерді растау жылжымалы сүңгуір топтары және қашықтан басқарылатын су асты аппаратымен жүзеге асырылады.
2022 жылғы 27 маусымда барлау кезінде ШАҚ-2 қауіпсіздік аймағында жарылу қаупі бар зат анықталды - 1943 жылғы модификациядағы терең теңіз минасының қорғаушысы, жарылғыш заттың салмағы шамамен 8,8 килограмм.
Бұған дейін Каспий қүбыр желісі консорциумы бас директорының төтенше жағдайлар министрлігі құрама командасының басшылығымен кездесуі барысында қауіптілік анықтамасы негізінде расталған жарылғыш нысандар жою орнына көшірілетіні айтылды.
2022 жылдың 29 маусымында Ресей ТЖМ мамандары анықталған жарылу қаупі бар затты жою жұмыстарын сәтті жүргізді.