Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Донбастағы әскери іс-қимылдарға қатысқандарға ардагер мәртебесі беріледі

© Sputnik / Максим ЗахаровЛХР-дағы жағдай
ЛХР-дағы жағдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Ресей Мемлекеттік думасына ЛХР және ДХР халық милициясы құрамында әскери іс-қимылдарға қатысқан адамдарға ардагер мәртебесін беруді көздейтін заң жобасы енгізілді, тиісті құжат Думаның электронды базасында жарияланды, деп хабарлады РИА Новости.
"Федералдық заң жобасы Украина аумағында Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының халық милициясы құрамында әскери іс-қимылдарға қатысқан адамдарға әскери іс-қимылдар ардагері және әскери іс-қимылдар мүгедегі мәртебесін белгілеу мақсатында әзірленді", - делінген жобаның түсіндірме жазбасында.
Сонымен қатар түсіндірмеде қазіргі уақытта ДХР мен ЛХР-дағы сарбаздардың кейбірі Ресей азаматтығын алғаны, ресейлік әскерилермен бірге арнайы әскери операция барысында тапсырмаларды орындап жатқаны айтылған.
Ұсынылған шаралар аталған тұлғаларға тиісті қолдау шараларын алуға көмектесетіні және олардың сіңірген еңбегін мойындауға ықпал ететіні аталып өткен.
Жаңалықтар
0