https://sputnik.kz/20220629/deputat-qyzgaldaq-ayyppul-25834236.html
Депутат қызғалдақ жұлғаны үшін салынатын айыппұлды алып тастауды ұсынды
Депутат қызғалдақ жұлғаны үшін салынатын айыппұлды алып тастауды ұсынды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев жабайы қызғалдақтар мен лотостарды жұлғаны үшін миллиондаған айыппұлды алып тастауды ұсынды... 29.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-29T14:29+0500
2022-06-29T14:29+0500
2022-06-29T14:29+0500
депутат
қызғалдақтар
https://sputnik.kz/img/211/36/2113655_0:49:960:589_1920x0_80_0_0_a3c6e2e73b23b984abedc1aa5a700b8c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев жабайы қызғалдақтар мен лотостарды жұлғаны үшін миллиондаған айыппұлды алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутаттың айтуынша, Қылмыстық кодекстің 335 және 339-баптарында тым қатал жаза қарастырылған.Мысалы Түркістан облысында Ақбастау ауылы маңындағы жайылымда 6 жабайы қызғалдақты жұлған ер адам ұсталған. Қылмыстық кодекс бойынша оған 8 млн 751 мың теңге айыппұл салу не сол мөлшерде түзету жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту жазасы көзделген."Қалай болса да айыппұл төлеу үшін бұл азамат кредит алады, яғни қаржылық қиындыққа тап болады. Азаматтарға жазаны жеңілдету шарасы қарастырылмай ма? Бәлкім, бірінші рет жұлғанда тек түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, екінші рет қайталаса, заңға сәйкес жазаласа. Сосын сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер тізімінен жабайы қызғалдақтар мен лотостарды алып тастау мүмкіндігі бар ма?", -деп сұрады Ерубаев экология, геология және табиғи ресурстар министрінен.Серікқали Брекешев Конституцияның 38-бабына сәйкес, табиғатты сақтау және ұқыпты қарау әр азаматтың міндеті екенін атап өтті."Айыппұл мен басқа да санкциялар табиғатқа зиян келтіретін азаматтарға ғана бағытталған. Сіздің ұсыныстарыңызды мәжілістің жұмыс тобы аясында қарастыруға дайынбыз", - деді Брекешев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/211/36/2113655_56:0:905:637_1920x0_80_0_0_51c4c483809c2db82a8ee8360cda4683.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, қызғалдақтар
Депутат қызғалдақ жұлғаны үшін салынатын айыппұлды алып тастауды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев жабайы қызғалдақтар мен лотостарды жұлғаны үшін миллиондаған айыппұлды алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутаттың айтуынша, Қылмыстық кодекстің 335 және 339-баптарында тым қатал жаза қарастырылған.
"Бүгінгі таңда бүкіл өңірде көптеген азамат Қызыл кітапқа енгізілген жабайы қызғалдақтар мен лотостарды жұлғаны үшін миллиондаған айыппұл төлейді. Ауыл тұрғындары жабайы қызғалдақтар мен лотостардың сирек кездесетін өсімдік екенін және олар Қызыл кітапқа енгенін біле бермейді", - дейді Ерубаев.
Мысалы Түркістан облысында Ақбастау ауылы маңындағы жайылымда 6 жабайы қызғалдақты жұлған ер адам ұсталған. Қылмыстық кодекс бойынша оған 8 млн 751 мың теңге айыппұл салу не сол мөлшерде түзету жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту жазасы көзделген.
"Қалай болса да айыппұл төлеу үшін бұл азамат кредит алады, яғни қаржылық қиындыққа тап болады. Азаматтарға жазаны жеңілдету шарасы қарастырылмай ма? Бәлкім, бірінші рет жұлғанда тек түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, екінші рет қайталаса, заңға сәйкес жазаласа. Сосын сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер тізімінен жабайы қызғалдақтар мен лотостарды алып тастау мүмкіндігі бар ма?", -деп сұрады Ерубаев экология, геология және табиғи ресурстар министрінен.
Серікқали Брекешев Конституцияның 38-бабына сәйкес, табиғатты сақтау және ұқыпты қарау әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.
"Айыппұл мен басқа да санкциялар табиғатқа зиян келтіретін азаматтарға ғана бағытталған. Сіздің ұсыныстарыңызды мәжілістің жұмыс тобы аясында қарастыруға дайынбыз", - деді Брекешев.