Ақмола облысында ірі құс фабрикасындағы ұрлық ашылды

© Sputnik / Абзал КалиевПолицей
Полицей  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Ақмола облысының полицейлері ірі құс фабрикасындағы ұрлықтың бетін ашты. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.
"28 маусымда Целиноград аудандық полиция бөліміне ірі құс фабрикаларының бірінің бас директорынан шағым түсті. Кәсіпкер белгісіз біреулер сегіз қап құрама жем мен тағамдық қоспаларды ұрлап кеткенін айтты. Кәсіпорынға 100 мың теңгеге жуық шығын келген", - деп жазылған ақпаратта.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы ұрлық кәсіпорынға емін-еркін кіру арқылы жасалғанын, яғни бұл ұрлыққа ЖШС жұмысшыларының қатысы болуы мүмкін екенін анықтады.
Осы нұсқаны тексерген полицияның жедел қызметкерлері қылмысты жылдам ашты. Қабылданған шаралар нәтижесінде құс фабрикасының екі қызметкері күдікке ілінді. Олардың бірі Целиноград ауданындағы Жаңажол ауылының тұрғыны болса, екіншісі елорда тұрғыны.
Осы факті бойынша полицейлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Алғашқы тергеу амалдары барысында ұрланған қаптар тәркіленді. Сонымен қатар ер адамдар фабрика аумағында осыған ұқсас ұрлықты бұрын да жасағаны анықталды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп жазды портал.
Жаңалықтар
0