https://sputnik.kz/20220629/almaty-aryq-robot-25824175.html
Алматыда арық жүйесін зерттеуде роботтар пайдаланылып жатыр
Алматыда арық жүйесін зерттеуде роботтар пайдаланылып жатыр
Құрылғының көмегімен құбырлардың ақауларын, соның ішінде коррозия мен жарылғанын анықтауға болады 29.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-29T10:19+0600
2022-06-29T10:19+0600
2022-06-29T10:20+0600
өңірлер
алматы
робот
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1c/25811417_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_bbd1b0ee2b8956d2cf89d0edef7a69b8.jpg
АЛМАТЫ, 29 маусым — Sputnik. Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының мамандары құбырларды тексеру үшін камерамен жабдықталған және төмен жиілікте жұмыс істейтін роботты қолдана бастады. Роботты жергілікті мамандар өздері жинады, олар қашықтан басқарылады."Дөңгелектің көмегімен жылжитын кішігірім робот қолжетімсіз жерлерден оңай өтіп, сол жердегі бейнені тікелей арнайы мониторға шығарады. Сонымен қатар аппарат телеметрия мәліметтерін иілу бұрышы мен тік күйінде де көрсетеді. Құрылғының көмегімен ластану деңгейімен қатар құбырдағы коррозия, жарылу, ақауларын анықтайды", - деп атап өтті әкімдікте. Қазіргі кезде қала әкімдігі арық желісін қалпына келтіріп, оларды коллекторлармен байланыстыру жұмысын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар арық желілерінің суару мүмкіндігін де қалпына келтіру қолға алынған. Арық желілерін жөндеу және қайта құру жұмыстары бойынша тиісті жобалау есептеу құжаттамасы әзірленді. Кейбір жерлерде арық желілерін кеңейту жоспарланған. Қалада тығыз құрылыстың жүргізілуіне байланысты арық желісін салуға мүмкіндік жоқ жерлерде су басуды болдырмау үшін су ағынын бөлу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 56 су басу аумағында коллектор жүйесін іске қосып, арық желісімен байланыстырып, апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қалада барлығы 16 коллектор бар, оның 12-і жарамсыз, төртеуі тек 30%-ке жұмыс істеп тұр. Биыл жалпы ұзындығы 376 км арық желісін салу және қайта құру жұмыстары басталды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1c/25811417_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_e310df7b2b920bf0ff37466d0b8549a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
алматы, робот
Алматыда арық жүйесін зерттеуде роботтар пайдаланылып жатыр
10:19 29.06.2022 (жаңартылды: 10:20 29.06.2022) Құрылғының көмегімен құбырлардың ақауларын, соның ішінде коррозия мен жарылғанын анықтауға болады
АЛМАТЫ, 29 маусым — Sputnik. Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының мамандары құбырларды тексеру үшін камерамен жабдықталған және төмен жиілікте жұмыс істейтін роботты қолдана бастады. Роботты жергілікті мамандар өздері жинады, олар қашықтан басқарылады.
"Дөңгелектің көмегімен жылжитын кішігірім робот қолжетімсіз жерлерден оңай өтіп, сол жердегі бейнені тікелей арнайы мониторға шығарады. Сонымен қатар аппарат телеметрия мәліметтерін иілу бұрышы мен тік күйінде де көрсетеді. Құрылғының көмегімен ластану деңгейімен қатар құбырдағы коррозия, жарылу, ақауларын анықтайды", - деп атап өтті әкімдікте.
Қазіргі кезде қала әкімдігі арық желісін қалпына келтіріп, оларды коллекторлармен байланыстыру жұмысын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар арық желілерінің суару мүмкіндігін де қалпына келтіру қолға алынған.
Арық желілерін жөндеу және қайта құру жұмыстары бойынша тиісті жобалау есептеу құжаттамасы әзірленді. Кейбір жерлерде арық желілерін кеңейту жоспарланған. Қалада тығыз құрылыстың жүргізілуіне байланысты арық желісін салуға мүмкіндік жоқ жерлерде су басуды болдырмау үшін су ағынын бөлу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл соңына дейін 56 су басу аумағында коллектор жүйесін іске қосып, арық желісімен байланыстырып, апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
"Алматыда су басудың негізгі себебі арық желісінде жауын және еріген қар суын өткізу мүмкіндіктің жоқтығында және коллектор-кәріз жүйесінің нашар болуында. Қолданыстағы коллекторларға көп жылдан бері тиісті қызмет көрсетілмеген", – деп атап өтті баспасөз қызметі.
Қалада барлығы 16 коллектор бар, оның 12-і жарамсыз, төртеуі тек 30%-ке жұмыс істеп тұр. Биыл жалпы ұзындығы 376 км арық желісін салу және қайта құру жұмыстары басталды.