Өңірлер

Күн салқындайды - синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

© AFP 2024 / PATRICK PLEULАуа райы
Ауа райы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2022
Жазылу
1 шілдеде шығыста, 2 шілдеде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады
НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты алдағы күндері ел аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады.
Қазгидромет мәліметінше, 1 шілдеде шығыста, 2 шілдеде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ, бұршақ, дауыл болып, желдің күшеюі мүмкін.
Солтүстік-батыс антициклонның сілемімен, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі болжанады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Ертең елордада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Күндіз +18, түнде +9 градус жылы. 1 шілдеде күндіз +22, түнде плюс 12 градус.
Алматыда 30 маусым күні көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай болады. Күндіз +39, түнде 24 градус жылы. Жұма, 1 шілде күні көшпелі бұлтты, таңертең өткінші жаңбыр, найзағай. Күндіз +32, түнде +22 градус.
30 маусымда Шымкентте күндіз +40, түнде +27. Ал 1 шілдеде +35, түнде +22 градус.
Жаңалықтар
0