Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы арнайы операция: Ресей зымырандары қайда бағыт алды

© Photo : Пресс-служба Минобороны РФИспытание гиперзвуковой ракеты "Циркон"
Испытание гиперзвуковой ракеты Циркон - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2022
Жазылу
Донбастағы ірі және шағын қоршауларда украин армиясымен соғысып жатқан ресейлік әскер бүкіл Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша стратегиялық мақсаттан ауытқып жатқан жоқ, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Украина Қарулы күштерінің тереңде оналасқан жедел тылына ресейлік зымыран, авиация және артиллериялық соққы күн сайын өсіп жатыр. Демилитаризациялауда ұзақ қашықтыққа ұшатын дәлдігі жоғары зымырандар негізгі рөл атқарып тұр.
РФ Әскери-ғарыш күштері Алыс авиацияның ұшақтары мен әскери-теңіз күштерінің кемелері 26 маусымда Украинаның әскери инфрақұрылымы нысандарына кезекті зымыран соққысын жасап, Чернигов, Житомир және Львов облыстарының аумағындағы Украина Қарулы күштерінің үш оқу-жаттығу орталығын қиратты. Соның нәтижесінде Украина Қарулы күштеріне бағынысты 65-ші, 66-шы мотожаяу әскер бригадасы мен 46-шы аэромобильді бригада соғысу қабілетінен айырылды. Бұл бригадалар "шығыс майданға" аттандыру үшін терең тылда даярлықты аяқтап жатқан болатын.
Сонымен қатар, Киевте төрт ресейлік зымыран жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйеге оқ-дәрі шығарылатын "Артём" корпорациясының цехтарын істен шығарды. Бір тәулікте Ресей Қарулы күштерінің артиллериялық, зымыран әскерлері, армиясы мен жедел-тактикалық авиациясы Украина Қарулы күштерінің жеке құрамы мен әскери техникасы жинақталған 286 орына, 64 артиллериялық позицияға, екі басқару пунктіне және төрт оқ-дәрі қоймасына соққы жасады.
Бір күн бұрын Ресей әскері Киев, Днепропетровск, Николаев және Харьков облыстарындағы әскери нысандарға зымыранмен шабуыл жасады. Сонымен бірге Николаев облысында, 35-ші теңіз жаяу әскері бригадасының басқару пунктінде Украина Қарулы күштері Бас штабының жедел тобы, ал Николаевта шетелдік қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймасы жойылды. 25 маусымда Донбаста Украина қарулы күштерінің 80-ге жуық поляк "еріктілері" бір нақты соққымен есептен шығарылды.
"Украина армиясының қолбасшылығы Ресейдің ауқымды зымыран соққыларына қарсы тұра алмауына ақталатын себеп таппай жатыр. Себебі Х-22, "Оникс", "Искандер" сынды түрлі қашықтыққа ұшатын 50-ге жуық зымыран бір уақытта жаппай соққы жасап жатыр. Киев кеңістіктің шектеулі секторындағы нысандарды қорғауға арналған америкалық Patriot зениттік зымыран кешендеріне үміп артып отыр", - деп жазды Хроленко.
Артиллерияның жаппай оқ атуын күн сайын қолданумен қатар, Ресей зымырандарының Украина Қарулы күштерінің нысаналарына дөп тиюі украин жерін демилитаризациялаудың ең тиімді құралына айналды. Өйткені Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің технологиялық үстемдігі, барлық деңгейдегі штабтардың, әскери барлаудың, жер, теңіз және әуедегі зымыран қаруы мамандарының үйлесімді жұмысы арнайы әскери операция жоспарын орындауға басымды ықпал етіп отыр.
Әскери шолушының пікірінше, РФ әскерінің соғысу қабілеті мен әскери жабдықталуы Ресейдің қауіпсіздігі мен егемендігін сенімді қорғауға мүмкіндік береді. Бірқалыпты жауынгерлік жұмыс апталарға, айларға, тіпті жылдарға есептелген. Сондықтан арнайы әскери операцияның мақсаттарына неғұрлым ертерек қол жеткізілгені құба-құп болар еді. Ресей Қарулы күштерін тылдан қамтамасыз етудің жақсы ойластырылған тактикасы мен логистикасы Украина Қарулы күштеріне қарсы шабуыл жасауға ешқандай мүмкіндік қалдырмай тұр.
Ресей армиясында зымырандар мен снарядтардың тапшылығы туындамайтыны анық. Жоғарыда аталған "кеңестік" Х-22 қанатты зымыраны 1000 данадан астам көлемде шығарылған. Бастапқы салмағы 6 тоннаға жуықтайтын бұл әскери техника ресейлік Ту-22М3 бомбалаушы ұшағымен сәтті қолданылып жатыр. Х-22 зымыраны заманауи әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін сырт айналып өтіп, қарсыластың ірі және жасы қорғалған нысанарына үлкен зақым келтіре алады.
Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы жылдары дәлдігі жоғары қару-жарақ тасымалдаушылардың саны 13 есе, жердегі, әуедегі және теңіздегі қанатты зымырандардың арсеналы 37 есеге өсті. Х-101 (радиусы 5500 километрге жетеді), "Калибр" (2600 километрге дейін), "Кинжал" (2000 километрге дейін), "Оникс" (800 километрге дейін) жаңа зымырандарының үздіксіз өндірісі үш ауысыммен ұйымдастырылған. Сондықтан қазіргі уақытта Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы әскери операция аяқталғанша ресейлік арсеналдың таусылуы екіталай.
"Украина қарулы күштерінің адам күші мен техникасы үлкен шығынға ұшырап, олар Донбаста шегінуге мәжбүр болып отыр. Батыс бұл әлеуеттік айырмашылықты өтей алмайды. Киев режимі Ресейді "20 күн ішінде" жеңуді әлі де жоспарлап, Батыстан қару-жарақ жеткізуді талап етіп, ресейлік армияны 24 ақпандағы позициясына қайта шегіндіруге уәде етіп жатыр. Украина Қарулы күштерінің бас штабы Белгород бойынша зымыран соққыларын жоспарлап, локация мен инфрақұрылымдық нысандарды іріктеп жатыр", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0