https://sputnik.kz/20220628/toqaev-zhurnalister-kasibi-mereke-25799480.html
Тоқаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Тоқаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
Оның пікірінше, Міржақып Дулатұлының "Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті" деген тұжырымы бүгін де барынша өзекті 28.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-28T07:25+0500
2022-06-28T07:25+0500
2022-06-28T07:25+0500
қасым-жомарт тоқаев
журналистика
https://sputnik.kz/img/07e6/06/18/25756783_0:0:3259:1833_1920x0_80_0_0_bc56a42f1df6996027ab1d0747226788.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Президент ақпарат саласында жұмыс істеу үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік екенін, отандық баспасөз еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқаратынын атап өтті.Президент сондай-ақ барша отандасымыздың алдында Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұрғанын мәлімдеді. Оның пікірінше, журналистердің мақалалары мен сюжеттері, журналистік зерттеулері осы бастамаға үлес қосары сөзсіз. Сондықтан нағыз кәсіби мамандардың еңбегін лайықты бағалаудың символдық мәні бар. Міржақып Дулатұлының "Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті" деген тұжырымы бүгін де барынша өзекті."Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық дербестігін сақтау үшін отандық журналистердің Қазақстанда және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуы керек. Біз қоғамға үлгі-өнеге көрсетіп, мемлекет ісін ілгерілетуге атсалысуымыз қажет. Өйткені халықтың сенімін ақтау – азаматтық борышымыз", - деп түйіндеді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/18/25756783_52:0:2783:2048_1920x0_80_0_0_ed26b5968aea81efd2d7cda4fd0e4d80.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, журналистика
қасым-жомарт тоқаев, журналистика
Тоқаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Оның пікірінше, Міржақып Дулатұлының "Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті" деген тұжырымы бүгін де барынша өзекті
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президент ақпарат саласында жұмыс істеу үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік екенін, отандық баспасөз еліміздің тұтастығы мен татулығын нығайту жолында елеулі рөл атқаратынын атап өтті.
"Бүгінде әлеуметтік желілерде, интернетте жалған ақпарат көбейіп кеткенін көріп отырмыз. Осындай күрделі жағдайда сіздердің шынайы әрі сыни көзқарастарыңыз түрлі келеңсіздікке тосқауыл болар еді. Қазір қоғамдағы басымдықтар өзгеріп жатыр. Кәсіби журналистер қызметінің маңызы арта түсті", - деді Тоқаев.
Президент сондай-ақ барша отандасымыздың алдында Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру міндеті тұрғанын мәлімдеді. Оның пікірінше, журналистердің мақалалары мен сюжеттері, журналистік зерттеулері осы бастамаға үлес қосары сөзсіз. Сондықтан нағыз кәсіби мамандардың еңбегін лайықты бағалаудың символдық мәні бар. Міржақып Дулатұлының "Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті" деген тұжырымы бүгін де барынша өзекті.
"Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық дербестігін сақтау үшін отандық журналистердің Қазақстанда және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуы керек. Біз қоғамға үлгі-өнеге көрсетіп, мемлекет ісін ілгерілетуге атсалысуымыз қажет. Өйткені халықтың сенімін ақтау – азаматтық борышымыз", - деп түйіндеді ол.