Ресейдің оңтүстігінде геморрагиялық безгектің жаңа түрі анықталды

© AP Photo / Frank AugsteinШприц
Шприц - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2022
Жазылу
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұл вирус адамға негізінен кене мен малдан жұғады
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Ресейлік мамандар Ресейдің оңтүстігінде Конго-Қырым геморрагиялық безгегінің жаңа штамын анықтады, деп хабарлады РИА Новостиге Сеченов университетінің баспасөз қызметі.
"Ресейдің оңтүстігінде Конго-Қырым геморрагиялық безгегінің жаңа желісі анықталды. Зерттеуге Сеченов университетінің (Мәскеу), "Роспотребнадзордың" Ставрополь обаға қарсы институтының (Ставрополь), Пастер атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының (Санкт-Петербург) және "Роспотребнадзордың" Орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының (Мәскеу) қызметкерлері қатысты", - деп жазылған хабарламада.
Баспасөз қызметінде атап өткендей, Конго-Қырым геморрагиялық безгегінің вирусы Африканың бірқатар елінде, Балқанда, Таяу Шығыста және кейбір Азия елдерінде жиі кездеседі. Сондай-ақ бұл вирус Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстігінде де болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұл вирус адамға негізінен кене мен малдан жұғады. Адамнан адамға қанмен, бөліністермен немесе басқа да биологиялық сұйықтықпен тығыз байланыс кезінде жұғуы мүмкін.
"Вирустың әр нұсқасы аурудың түрлі ауырлығын тудырады. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде ресейлік аймақтардан алынған вирустың зерттелген штамдары "Еуропа-1" желісіне (596 үлгі), "Африка- 3" (тек бір үлгі), сондай-ақ жаңа "Еуропа-3" (алты үлгі) желісіне жататыны анықталды", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Ауыл клиникалық белгілер, геморрагиялық синдром мен адам өлімінің қаупі "Еуропа-1" желісін жұқтырған жағдайда жоғары болады.
Университетте атап өткендей, генетикалық әр түрлілігі мен Ресейде географиялық таралуын бағалау үшін және оның қаншалықты қауіпті екенін білу үшін "Еуропа-3" желісін толыққанды зерттеу қажет.
Жаңалықтар
0