Қазақстанға қандай шетелдік ІТ-компаниялар көшіп келді

© Официальный сайт Президента КазахстанаБағдат Мусин
Бағдат Мусин - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. "Астана" халықаралық қаржы орталығында шетелдік ІТ-мамандар үшін арнайы қызмет іске қосылды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, елімізге шетелдік IT-компанияларды көшіру бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже бар, бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады. "Астана" халықаралық қаржы орталығында Экспат орталығының базасында "бір терезе" қағидаты бойынша шетелдік IT-мамандар үшін арнайы қызмет іске қосылды. Бүгінде 1 мыңнан астам IT маманына көмек көрсетілді", - деді Мусин үкімет отырысында.
Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, мына ІТ компаниялар өз бизнесін Қазақстанға көшірген:
Рlауriх (17 миллиард доллар, ойындар әзірлеу);
Тinkoff Ваnк (6,3 миллиард доллар, онлайн банк);
Nexters (1,9 миллиард доллар, ойындар әзірлеу);
InDriver (1,2 миллиард доллар, жолаушылар тасымалы сервисі);
Санкт-Петербург биржасы (1 миллиард доллар, биржа);
Муtona (0,25 миллиард доллар, ойындар әзірлеу);
Туре Туре (шрифт студиясы);
Lever Тrаvel (онлайн-турларды брондау);
Red Mad Robot (қосымша әзірлеу).
Жаңалықтар
0