https://sputnik.kz/20220628/pavlodar-oblysy-zhol-apaty-ort-kolik-25804493.html
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды: ер адам өртенген көлікте көз жұмды
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды: ер адам өртенген көлікте көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Тасжолда екі көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам тірідей өртеніп кетіп, екеуі ауруханаға жеткізілді 28.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-28T10:55+0500
2022-06-28T10:55+0500
2023-08-10T11:58+0500
өрт
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1c/25802197_0:255:2736:1794_1920x0_80_0_0_90dc87ca7a9ae269d011fb0df2734295.jpg
ПАВЛОДАР, 28 маусым – Sputnik. 28 маусымда "Павлодар-Қызылорда" тасжолының 25-ші шақырымында Toyota Camry көлігінің 35 жастағы жүргізушісі бағыттас келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Соққыдан жеңіл көлік отқа оранды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көлік толығымен өртеніп кеткен, одан 36 жастағы жолаушының күйіп кеткен денесі табылған.Жапон көлігінің 35 жастағы жүргізушісі мен 23 жастағы жолаушысы Павлодар ауруханасына жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайын дәрігерлер тұрақты ауыр деп бағалап отыр.Олар көптеген жарақат алған. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1c/25802197_4:0:2733:2047_1920x0_80_0_0_4046536c0f04bab8331fec3233d3e36e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт, жол апаты
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды: ер адам өртенген көлікте көз жұмды
10:55 28.06.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) Тасжолда екі көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам тірідей өртеніп кетіп, екеуі ауруханаға жеткізілді
ПАВЛОДАР, 28 маусым – Sputnik. 28 маусымда "Павлодар-Қызылорда" тасжолының 25-ші шақырымында Toyota Camry көлігінің 35 жастағы жүргізушісі бағыттас келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Соққыдан жеңіл көлік отқа оранды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көлік толығымен өртеніп кеткен, одан 36 жастағы жолаушының күйіп кеткен денесі табылған.
Жапон көлігінің 35 жастағы жүргізушісі мен 23 жастағы жолаушысы Павлодар ауруханасына жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайын дәрігерлер тұрақты ауыр деп бағалап отыр.
Олар көптеген жарақат алған. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.