https://sputnik.kz/20220628/lavrov-kremenchugtagy-sauda-ortalygynda-ort-neden-shyqqanyn-tusindirdi-25861534.html
Лавров Кременчугтағы сауда орталығында өрт неден шыққанын түсіндірді
Лавров Кременчугтағы сауда орталығында өрт неден шыққанын түсіндірді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Украинаның Кременчуг қаласындағы сауда орталығы АҚШ пен Еуропадан жеткізілген қару-жарақ сақталған қоймаға шабуылдан кейін... 28.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-28T19:59+0500
2022-06-28T19:59+0500
2022-06-30T15:59+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
өрт
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0a/23429980_0:0:1836:1034_1920x0_80_0_0_15806075f3899c0e8f8b20e9727fd6c0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Украинаның Кременчуг қаласындағы сауда орталығы АҚШ пен Еуропадан жеткізілген қару-жарақ сақталған қоймаға шабуылдан кейін өртенді, деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров."Ресей қорғаныс министрлігі іс жүзінде не болғаны туралы анық және түсінікті мәлімдеме жасады. Олар америкалық және еуропалық қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойманы бомбалады. Оқ-дәрілердің жарылуы нәтижесінде жақын жерде орналасқан бос сауда орталығы өртенді", - деді ол Каспий маңы елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында.Сейсенбі күні таңертең Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-лейтенант Игорь Конашенков Ресей Федерациясының әскери-ғарыш күштері (ӘҒК) Кременчугта АҚШ пен Еуроодақтан жеткізілген қару-жарақ бар ангарға шабуыл жасағанын айтты."27 маусымда Полтава облысының Кременчуг қаласында Ресей әскери-ғарыш күштері Кременчуг жол машиналары зауыты ауданындағы АҚШ пен Еуропа елдерінен жеткізілген қару-жарақ пен оқ-дәрі бар қоймаларға дәлдігі жоғары әуе қаруларымен соққы жасады", - деп атап өтті министрліктің ресми өкілі. Оның айтуынша, Донбасстағы украин әскеріне жөнелтуге арналған батыстық өндіріске жататын қару-жарақ пен оқ-дәрі талқандалды."Батыс қаруына арналған оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан зауытқа жақын орналасқан жұмыс істемейтін сауда орталығында өртке туындады", - деді Конашенков.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0a/23429980_116:0:1836:1290_1920x0_80_0_0_d5982d2af51a99ae7d975b31db5db32c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Украинаның Кременчуг қаласындағы сауда орталығы АҚШ пен Еуропадан жеткізілген қару-жарақ сақталған қоймаға шабуылдан кейін өртенді, деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Ресей қорғаныс министрлігі іс жүзінде не болғаны туралы анық және түсінікті мәлімдеме жасады. Олар америкалық және еуропалық қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған қойманы бомбалады. Оқ-дәрілердің жарылуы нәтижесінде жақын жерде орналасқан бос сауда орталығы өртенді", - деді ол Каспий маңы елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында.
Сейсенбі күні таңертең Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-лейтенант Игорь Конашенков Ресей Федерациясының әскери-ғарыш күштері (ӘҒК) Кременчугта АҚШ пен Еуроодақтан жеткізілген қару-жарақ бар ангарға шабуыл жасағанын айтты.
"27 маусымда Полтава облысының Кременчуг қаласында Ресей әскери-ғарыш күштері Кременчуг жол машиналары зауыты ауданындағы АҚШ пен Еуропа елдерінен жеткізілген қару-жарақ пен оқ-дәрі бар қоймаларға дәлдігі жоғары әуе қаруларымен соққы жасады", - деп атап өтті министрліктің ресми өкілі. Оның айтуынша, Донбасстағы украин әскеріне жөнелтуге арналған батыстық өндіріске жататын қару-жарақ пен оқ-дәрі талқандалды.
"Батыс қаруына арналған оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан зауытқа жақын орналасқан жұмыс істемейтін сауда орталығында өртке туындады", - деді Конашенков.