https://sputnik.kz/20220628/khersonda-reseylik-akhazh-zhumys-istey-bastady-25861199.html
Херсонда ресейлік АХАЖ жұмыс істей бастады
Херсонда ресейлік АХАЖ жұмыс істей бастады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Сейсенбі күні Херсонда ресейлік АХАЖ жұмыс істей бастады. Мекеме қызметіне Ресей азаматтығын алмағандар да жүгіне алады, деп... 28.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-28T21:47+0500
2022-06-28T21:47+0500
2022-06-30T15:47+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/06/18/25738360_0:141:3141:1908_1920x0_80_0_0_d2b2f1e2d1a7be2c033fffe3099508cf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Сейсенбі күні Херсонда ресейлік АХАЖ жұмыс істей бастады. Мекеме қызметіне Ресей азаматтығын алмағандар да жүгіне алады, деп хабарлады РФ әділет министрлігінің сайты."28 маусымнан бастап Херсон облысының тұрғындары туу туралы, неке қию және бұзу туралы, қайтыс болу және басқа да азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін Херсон қаласында арнайы ашылған АХАЖ бөліміне жүгіне алады", - деп жазылған хабарламада.Өтініш берушілер ресейлік үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді ала алатыны да айтылды. Бұл ретте Ресей азаматтығын алмаған адамдар осы қызметтерді алу үшін жүгіне алады.Бұл құжаттар, соның ішінде Ресей заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларына алу үшін де қажет болады.Министрліктегілер алдағы уақытта АХАЖ бөлімшелерінің санын көбейту жоспарланып отырғанын мәлімдеді.Арнайы операция барысында Ресей әскерилері Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов теңізінің маңындағы бөлігін бақылауға алды. Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, рубль айналымға енгізілді, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады. Аймақтар Ресей субъектісіне айналу жоспары туралы жариялады.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/18/25738360_205:0:2936:2048_1920x0_80_0_0_9a7ebf9ef1696929bb39767e6f9cd76f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Сейсенбі күні Херсонда ресейлік АХАЖ жұмыс істей бастады. Мекеме қызметіне Ресей азаматтығын алмағандар да жүгіне алады, деп хабарлады РФ әділет министрлігінің сайты.
"28 маусымнан бастап Херсон облысының тұрғындары туу туралы, неке қию және бұзу туралы, қайтыс болу және басқа да азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін Херсон қаласында арнайы ашылған АХАЖ бөліміне жүгіне алады", - деп жазылған хабарламада.
Өтініш берушілер ресейлік үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді ала алатыны да айтылды. Бұл ретте Ресей азаматтығын алмаған адамдар осы қызметтерді алу үшін жүгіне алады.
Бұл құжаттар, соның ішінде Ресей заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларына алу үшін де қажет болады.
Министрліктегілер алдағы уақытта АХАЖ бөлімшелерінің санын көбейту жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Арнайы операция барысында Ресей әскерилері Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов теңізінің маңындағы бөлігін бақылауға алды. Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, рубль айналымға енгізілді, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады. Аймақтар Ресей субъектісіне айналу жоспары туралы жариялады.