https://sputnik.kz/20220628/bayqonyrdagy-keshendi-modernizatsiyalau-merzimi-25812507.html
Байқоңырда кешенді модернизациялау мерзімі өзгерді
Байқоңырда кешенді модернизациялау мерзімі өзгерді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Байқоңырдағы "Союз-5" зымырандарын ұшыруға арналған "Бәйтерек" кешенінің құрылысы кейінге қалдырылды. Жұмыс жыл соңында... 28.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-28T20:54+0500
2022-06-28T20:54+0500
2022-06-28T20:54+0500
өңірлер
байқоңыр
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/05/18320954_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_1cd0bcb0f4271921aec21d00fbd0586b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Байқоңырдағы "Союз-5" зымырандарын ұшыруға арналған "Бәйтерек" кешенінің құрылысы кейінге қалдырылды. Жұмыс жыл соңында басталады, деп мәлімдеді Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Бұған дейін хабарлағандай, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда бас мердігер кешенді жаңғыртуға наурыз айында кіріседі. 2023 жылдың соңына дейін сынақ жүргізіп, бірінші "Союз-5" ғарыш кемесін ұшыру үшін жұмыстар 2023 жылдың тамызына дейін аяқталуы керек. Ол мерзім көп дегенде жарты жылға өзгеруі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ, Мусин Қазақстан мен Ресей тамызда "Байқоңыр" ғарыш айлағының қазіргі жұмысы мен алдағы жоспары бойынша келіссөз жүргізеді. "Біз тамызда Дмитрий Рогозинмен бірге Байқоңыр мәселесін талқылау үшін кездесу туралы келістік", - деді ол журналистерге. Министр келіссөз барысында "Гагаринский старт" зымыран ұшыру алаңының тағдыры да талқыланатынын айтты. Мусин Қазақстан мен Ресейдің "ұшулар белсенділігінің төмендеуіне байланысты" бұл жобаны жаңғырту процесін тоқтата тұру туралы шешімін растады. "Қазіргі уақытта инвесторларды тарту тоқтатылды, себебі қазіргі ұшулар үшін қолданыстағы инфрақұрылым, яғни резервтік алаң жеткілікті", - деді ол. "Роскосмостың" бас директоры Дмитрий Рогозин 12 сәуірде РИА Новостиге берген сұхбатында Гагарин ғарышқа ұшқан Байқоңырдағы ұшу алаңын қалпына келтіру әлі жоспарланбағанын айтты. Ол шектеулі қаржыландыру "Гагаринский старт" алаңын өз бетінше қалпына келтіруге мүмкіндік бермейтінін түсіндірді. Бұған қоса, олардың ұлттық аумағында жаңа ұшыру кешендерін құру қисындырақ болар еді, деп есептейді Роскосмостың бас директоры. Соған қарамастан, Рогозин Ресей мен Қазақстан тарапынан қаржы бөлінсе, бұл жобаны екі ел жүзеге асыруы мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл жағдайда оны тек коммерциялық ұшыру үшін пайдалануға болады. Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2021 жылдың соңында барлық құжаттар Біріккен Араб Әмірліктерінде екенін және "кейбір процестер өте баяу жүріп жатқанын" мәлімдеді. Ол сондай-ақ БАӘ ғарыш агенттігі мәселені шешуді кешіктірсе, жобаға басқа инвесторларды тарту мүмкін екенін жоққа шығармады. 2022 жылдың наурызында Ресей үкіметінің БАӘ-мен ғарышты игеру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы қаулы жобасы шығарылды. Түсіндірме жазбада қаулы күшіне енгеннен кейін ғана БАӘ Байқоңырдағы ұшыру кешенін жаңғыртуға кірісе алатыны айтылған.
байқоңыр
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/05/18320954_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_f9f464268bf95b9ebf862f3079f54dc1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
байқоңыр
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Байқоңырдағы "Союз-5" зымырандарын ұшыруға арналған "Бәйтерек" кешенінің құрылысы кейінге қалдырылды. Жұмыс жыл соңында басталады, деп мәлімдеді Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин. Бұл туралы
РИА Новости хабарлады.
Бұған дейін хабарлағандай, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда бас мердігер кешенді жаңғыртуға наурыз айында кіріседі. 2023 жылдың соңына дейін сынақ жүргізіп, бірінші "Союз-5" ғарыш кемесін ұшыру үшін жұмыстар 2023 жылдың тамызына дейін аяқталуы керек.
"Техникалық құжаттаманың дайындалуына байланысты мерзім кейінге шегерілді, қабылдау қиынға соғып жатқан мәселелер бар. Қабылдау жүргізіп жатқан біздің мамандар сұрақ қойып жатыр, бұл басқа себептерге байланысты емес", - деді Мусин Сенат отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап беру кезінде.
Ол мерзім көп дегенде жарты жылға өзгеруі мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ, Мусин Қазақстан мен Ресей тамызда "Байқоңыр" ғарыш айлағының қазіргі жұмысы мен алдағы жоспары бойынша келіссөз жүргізеді.
"Біз тамызда Дмитрий Рогозинмен бірге Байқоңыр мәселесін талқылау үшін кездесу туралы келістік", - деді ол журналистерге.
Министр келіссөз барысында "Гагаринский старт" зымыран ұшыру алаңының тағдыры да талқыланатынын айтты. Мусин Қазақстан мен Ресейдің "ұшулар белсенділігінің төмендеуіне байланысты" бұл жобаны жаңғырту процесін тоқтата тұру туралы шешімін растады.
"Қазіргі уақытта инвесторларды тарту тоқтатылды, себебі қазіргі ұшулар үшін қолданыстағы инфрақұрылым, яғни резервтік алаң жеткілікті", - деді ол.
"Роскосмостың" бас директоры Дмитрий Рогозин 12 сәуірде РИА Новостиге берген сұхбатында Гагарин ғарышқа ұшқан Байқоңырдағы ұшу алаңын қалпына келтіру әлі жоспарланбағанын айтты. Ол шектеулі қаржыландыру "Гагаринский старт" алаңын өз бетінше қалпына келтіруге мүмкіндік бермейтінін түсіндірді. Бұған қоса, олардың ұлттық аумағында жаңа ұшыру кешендерін құру қисындырақ болар еді, деп есептейді Роскосмостың бас директоры.
Соған қарамастан, Рогозин Ресей мен Қазақстан тарапынан қаржы бөлінсе, бұл жобаны екі ел жүзеге асыруы мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл жағдайда оны тек коммерциялық ұшыру үшін пайдалануға болады.
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2021 жылдың соңында барлық құжаттар Біріккен Араб Әмірліктерінде екенін және "кейбір процестер өте баяу жүріп жатқанын" мәлімдеді. Ол сондай-ақ БАӘ ғарыш агенттігі мәселені шешуді кешіктірсе, жобаға басқа инвесторларды тарту мүмкін екенін жоққа шығармады.
2022 жылдың наурызында Ресей үкіметінің БАӘ-мен ғарышты игеру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы қаулы жобасы шығарылды. Түсіндірме жазбада қаулы күшіне енгеннен кейін ғана БАӘ Байқоңырдағы ұшыру кешенін жаңғыртуға кірісе алатыны айтылған.