https://sputnik.kz/20220627/shygys-qazaqstan-er-adam-esirtki-25787597.html
Шығыс Қазақстанда ер адам өз үйінде жарты келі есірткі сақтаған
Шығыс Қазақстанда ер адам өз үйінде жарты келі есірткі сақтаған
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында жергілікті тұрғынның үйінен жарты келі есірткі табылды, деп хабарлайды өңірдің полиция... 27.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-27T12:59+0500
2022-06-27T12:59+0500
2022-06-27T12:59+0500
қоғам
шығыс қазақстан
есірткі
https://sputnik.kz/img/363/72/3637285_0:394:5400:3432_1920x0_80_0_0_bb6e2950d57621cb3cf5495f6a15a4f4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында жергілікті тұрғынның үйінен жарты келі есірткі табылды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.Ер адамның қылмысы "Қарасора" жедел-алдын алу шарасы барысында әшкере болды.Алтай ауданының полицейлері өз үйінде есірткі сақтаған ер адамды ұстады. Күдікті Серебрянск қаласының 47 жастағы тұрғыны."Тінту барысында өсімдік тектес заты бар 3 құты, бірнеше бөтелке және бір полиэтилен пакет тәркіленді. Сонымен қатар полицейлер гүлдеп тұрған 39 өсімдік бұтасын тапты", - деп мәлімдеді полиция.Сарапшының қорытындысына сәйкес, өсімдіктер қарасора тұқымына жатады - салмағы 95,05 грамм "каннабис" есірткісі, тәркіленген құтыларда 430 грамнан астам кептірілген марихуана сақталған, ал полиэтилен пакетте осы тектес тағы 20 грамм есірткі болған.Тәртіп сақшылары күдіктіні полиция бөліміне жеткізді, ол кінәсін мойындады.Бұл фактіге қатысты ҚК 296-бабы 2-бөлігі "Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/363/72/3637285_372:0:4948:3432_1920x0_80_0_0_c020a11302c6a7359e6b25ba2d4c687f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, есірткі
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында жергілікті тұрғынның үйінен жарты келі есірткі табылды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамның қылмысы "Қарасора" жедел-алдын алу шарасы барысында әшкере болды.
Алтай ауданының полицейлері өз үйінде есірткі сақтаған ер адамды ұстады. Күдікті Серебрянск қаласының 47 жастағы тұрғыны.
"Тінту барысында өсімдік тектес заты бар 3 құты, бірнеше бөтелке және бір полиэтилен пакет тәркіленді. Сонымен қатар полицейлер гүлдеп тұрған 39 өсімдік бұтасын тапты", - деп мәлімдеді полиция.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, өсімдіктер қарасора тұқымына жатады - салмағы 95,05 грамм "каннабис" есірткісі, тәркіленген құтыларда 430 грамнан астам кептірілген марихуана сақталған, ал полиэтилен пакетте осы тектес тағы 20 грамм есірткі болған.
Тәртіп сақшылары күдіктіні полиция бөліміне жеткізді, ол кінәсін мойындады.
Бұл фактіге қатысты ҚК 296-бабы 2-бөлігі "Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.