Өңірлер

Шілде айында құрғақшылық болуы мүмкін аудандар аталды

© Photo : Рixabay / Jody Davis Құрғақшылық
Құрғақшылық - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым - Sputnik. "Қазгидромет" шілде айына арналған құрғақшылықтың алдын ала болжамын жасады.
Жауын-шашын тапшылығы тек Ақтөбе облысының Айтеби ауданында, Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында болады.
Алматы облысының Кербұлақ ауданы мен Қонаев қаласында (бұрынғы Қапшағай) орташа ылғалдылық болжанып отыр.
Шілде айындағы құрғақшылықтың болжамы айдың бірінші онкүндігінде нақтыланады, дейді синоптиктер.
Жара - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2022
Өңірлер
Қазгидромет құрғақшылық туралы алғашқы дабылды ескерту жасады
Жаңалықтар
0