https://sputnik.kz/20220627/qazaqstan-azerbayzhan-turkiya-temirzhol-25793716.html
Қазақстан, Әзербайжан және Түркия теміржолмен жүк тасымалдау көлемін ұлғайтады
Қазақстан, Әзербайжан және Түркия теміржолмен жүк тасымалдау көлемін ұлғайтады
Sputnik Қазақстан
Еуропа бағытындағы мүмкіндіктердің шектелуіне байланысты Каспий теңізі – Қара теңіз желісі бойындағы бағдарлардың маңызы артты 27.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-27T17:27+0500
2022-06-27T17:27+0500
2023-08-09T10:10+0500
саясат
қазақстан
түркия
әзербайжан
жүк
https://sputnik.kz/img/07e6/06/17/25729199_0:272:3083:2006_1920x0_80_0_0_e684857eac60079f35d691efdc019b26.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Қазақстан, Әзербайжан және Түркия Бакуде өткен кездесуде көлік саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылап, Баку – Тбилиси – Карс теміржолымен жүк тасымалдау көлемін арттыруға келісті, деп хабарлайды Sputnik Әзербайжан. Кездесуге Қазақстан тарапынан премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қатысты. Қазақстан Сыртқы істер министрі Әзербайжан мен Түркия Қазақстан үшін аймақтағы негізгі саяси және экономикалық әріптес екенін атап өтті. Жиынға қатысушылар аймақтағы теміржол желілері мен мұнай құбырлары сияқты бірлескен жобалардың жай-күйі мен жүзеге асыру болашағын талқылады. Еуропа бағытындағы мүмкіндіктердің шектелуіне байланысты Каспий теңізі – Қара теңіз желісі бойындағы бағдарлардың маңызы артты. Министрлер көлік көлемін ұлғайту порттардағы техникалық және тарифтік жағдайларды уақытылы жаңартуды талап ететенін құптады. Бұл барлық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қозғаушы күші болатыны туралы айтылды.Тараптар осындай форматтағы келесі кездесуді биыл күзде Қазақстанда өткізуге келісті, деп хабарлайды Қазақстан СІМ баспасөз қызметі. Баку – Тбилиси – Карс (БТК) теміржолы Әзербайжан, Грузия және Түркия теміржол желілерін байланыстыратын көлік дәлізі. Ол 2017 жылы ашылған. Темір жолдың жалпы ұзындығы 829 шақырымды құрайды.
қазақстан
түркия
әзербайжан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/17/25729199_50:0:2781:2048_1920x0_80_0_0_9439c0dc126185c42f414c161fc3a2e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, түркия, әзербайжан, жүк
қазақстан, түркия, әзербайжан, жүк
Қазақстан, Әзербайжан және Түркия теміржолмен жүк тасымалдау көлемін ұлғайтады
17:27 27.06.2022 (жаңартылды: 10:10 09.08.2023) Еуропа бағытындағы мүмкіндіктердің шектелуіне байланысты Каспий теңізі – Қара теңіз желісі бойындағы бағдарлардың маңызы артты
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Қазақстан, Әзербайжан және Түркия Бакуде өткен кездесуде көлік саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылап, Баку – Тбилиси – Карс теміржолымен жүк тасымалдау көлемін арттыруға келісті, деп хабарлайды
Sputnik Әзербайжан.
Кездесуге Қазақстан тарапынан премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қатысты.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Әзербайжан мен Түркия Қазақстан үшін аймақтағы негізгі саяси және экономикалық әріптес екенін атап өтті.
"Коронавирус пандемиясы кезінде өзара саудадағы экономикалық белсенділік бәсеңдеді. Бұған қарамастан, қазір бізде өзара тиімді ынтымақтастықтың бұрынғы және жаңа көрсеткіштеріне қол жеткізуге зор мүмкіндік бар", - деді Тілеуберді.
Жиынға қатысушылар аймақтағы теміржол желілері мен мұнай құбырлары сияқты бірлескен жобалардың жай-күйі мен жүзеге асыру болашағын талқылады. Еуропа бағытындағы мүмкіндіктердің шектелуіне байланысты Каспий теңізі – Қара теңіз желісі бойындағы бағдарлардың маңызы артты. Министрлер көлік көлемін ұлғайту порттардағы техникалық және тарифтік жағдайларды уақытылы жаңартуды талап ететенін құптады. Бұл барлық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қозғаушы күші болатыны туралы айтылды.
Тараптар осындай форматтағы келесі кездесуді биыл күзде Қазақстанда өткізуге келісті, деп хабарлайды Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.
Баку – Тбилиси – Карс (БТК) теміржолы Әзербайжан, Грузия және Түркия теміржол желілерін байланыстыратын көлік дәлізі. Ол 2017 жылы ашылған. Темір жолдың жалпы ұзындығы 829 шақырымды құрайды.