https://sputnik.kz/20220627/prezident-keshendi-tsifrlyq-ekozhuye-25789478.html
Президент кешенді цифрлық экожүйені дамытуды тапсырды
Президент кешенді цифрлық экожүйені дамытуды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр 27.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-27T14:16+0500
2022-06-27T14:16+0500
2022-06-27T14:16+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018368_0:133:1281:853_1920x0_80_0_0_b442629037780e614efd940240960891.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысында криптоиндустрия және цифрлық активтерді дамыту мәселесін қозғады, деп хабарлайды Ақорда.Президент үкіметке кешенді цифрлық экожүйені дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды.Сондай-ақ ол ұзақ мерзімді шетелдік инвесторларды теңге түріндегі тәуелсіз облигацияларға тартудың өзектілігін атап өтті. Президент қазіргі құбылмалы жағдайда инвестициялар мен ресурстар үшін бәсекелестік күшейеді деген пікір білдірді. Инвесторлар корпоративтік басқару қағидаттары жоғары деңгейде сақталатын, заң үстемдік ететін және халықаралық юрисдикциясы бар алаңдарды іздейді."Елімізге жаңа әрі сенімді инвестиция көздері қажет. Ол үшін халықаралық депозитарийлермен өзара тығыз ықпалдастық орнату керек. Мұндай жағдайда реттеушілік режим мен халықаралық құқыққа негізделген АХҚО алаңы тартымды болады", - деді мемлекет басшысы.Тоқаев үкіметке Ұлттық банкпен және АХҚО-мен бірлесіп, ұзақ мерзімді институционалдық инвесторлары бар әлемдік инфрақұрылымға қосылу мәселесін пысықтауды тапсырды. Оның айтуынша, бұл экономикамыздың орнықты өсімі үшін маңызды қадам болмақ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018368_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_a2db2ee2af21e8574eb2a79999ab2496.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Президент кешенді цифрлық экожүйені дамытуды тапсырды
Қазақстан криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысында криптоиндустрия және цифрлық активтерді дамыту мәселесін қозғады, деп хабарлайды
Ақорда. Президент үкіметке кешенді цифрлық экожүйені дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды.
"Біз әлеуетімізді барынша тиімді пайдалануымыз керек. Еліміз криптоактивтерді шығару бойынша екінші орында тұр. Алайда біз тек қана шикізат мәртебесін ұстанып қалмауымыз керек. Осы орайда, үкімет қаржы реттеушілерімен және "Астана" халықаралық қаржы орталығымен бірлесе отырып, кешенді цифрлық экожүйені дамыту үшін қолайлы жағдай жасауы қажет", – деді Тоқаев.
Сондай-ақ ол ұзақ мерзімді шетелдік инвесторларды теңге түріндегі тәуелсіз облигацияларға тартудың өзектілігін атап өтті. Президент қазіргі құбылмалы жағдайда инвестициялар мен ресурстар үшін бәсекелестік күшейеді деген пікір білдірді. Инвесторлар корпоративтік басқару қағидаттары жоғары деңгейде сақталатын, заң үстемдік ететін және халықаралық юрисдикциясы бар алаңдарды іздейді.
"Елімізге жаңа әрі сенімді инвестиция көздері қажет. Ол үшін халықаралық депозитарийлермен өзара тығыз ықпалдастық орнату керек. Мұндай жағдайда реттеушілік режим мен халықаралық құқыққа негізделген АХҚО алаңы тартымды болады", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев үкіметке Ұлттық банкпен және АХҚО-мен бірлесіп, ұзақ мерзімді институционалдық инвесторлары бар әлемдік инфрақұрылымға қосылу мәселесін пысықтауды тапсырды. Оның айтуынша, бұл экономикамыздың орнықты өсімі үшін маңызды қадам болмақ.