https://sputnik.kz/20220627/pavlodarda-zhagazhayda-eki-ayel-pyshaq-25791389.html
Павлодарда жағажайда екі әйел жанжалдасып, біреуі пышақ сұғып алды
Павлодарда жағажайда екі әйел жанжалдасып, біреуі пышақ сұғып алды
Sputnik Қазақстан
Пышақ ала жүгірген әйел екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 27.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-27T15:56+0500
2022-06-27T15:56+0500
2022-06-27T15:59+0500
оқиға
павлодар
әйел
пышақ
https://sputnik.kz/img/317/11/3171130_0:0:963:541_1920x0_80_0_0_f389e43b0fb63f75436d9a5eafd845b3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Өткен сенбіде Павлодарда Усолка жағалауында демалып жатқан әйелдердің арасында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ сұққан. Жәбірленушіге медициналық көмек қажет болды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Арада дау туындап, біреуі екіншісіне пышақ ала жүгірген. "Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша кінәлі адамға 2000 АЕК (6 126 000 теңге немесе 13 134 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Екі жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылады", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар демалып отырған топтың басқа мүшелері Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 440-бабы ("Қоғамдық орындарға алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйде келу") және 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл баптар бойынша жаза ретінде 5 АЕК (15 315 теңге немесе 32 АҚШ доллары) көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Полицейлердің хабарлауынша, бастапқыда олар әкімшілік жазамен шектелмек болған. 26 жастағы қала тұрғынына қатысты 73-1-баптың 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл бап бойынша кінәлі адам 15 АЕК (45 945 теңге немесе 98 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Sputnik Қазақстан тілшісіне Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен әйел "сол жақтағы бұғана үсті аймағының терең емес кесілген жарақаты" диагнозымен Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Хирург тексергеннен кейін жәбірленушіні амбулаторлық емдеуге жіберді.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/317/11/3171130_84:0:805:541_1920x0_80_0_0_0b1a66835a9a0c1ee70050e2217babc2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, әйел, пышақ
Павлодарда жағажайда екі әйел жанжалдасып, біреуі пышақ сұғып алды
15:56 27.06.2022 (жаңартылды: 15:59 27.06.2022) Пышақ ала жүгірген әйел екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Өткен сенбіде Павлодарда Усолка жағалауында демалып жатқан әйелдердің арасында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ сұққан. Жәбірленушіге медициналық көмек қажет болды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"25 маусымда Усолка шағын ауданындағы Усолка өзенінің жағалауында демалып жатқандар арасында жанжал шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткенде анықтағандай, жағалауда балаларымен демалып жатқан Павлодар тұрғыны жанында балағат сөз айтып, сыра ішкендерге ескерту жасаған. Олар да балалармен болған", - деп жазылған хабарламада.
Арада дау туындап, біреуі екіншісіне пышақ ала жүгірген.
"Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша кінәлі адамға 2000 АЕК (6 126 000 теңге немесе 13 134 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Екі жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылады", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар демалып отырған топтың басқа мүшелері Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 440-бабы ("Қоғамдық орындарға алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе мас күйде келу") және 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл баптар бойынша жаза ретінде 5 АЕК (15 315 теңге немесе 32 АҚШ доллары) көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.
Полицейлердің хабарлауынша, бастапқыда олар әкімшілік жазамен шектелмек болған. 26 жастағы қала тұрғынына қатысты 73-1-баптың 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл бап бойынша кінәлі адам 15 АЕК (45 945 теңге немесе 98 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.
Sputnik Қазақстан тілшісіне Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен әйел "сол жақтағы бұғана үсті аймағының терең емес кесілген жарақаты" диагнозымен Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Хирург тексергеннен кейін жәбірленушіні амбулаторлық емдеуге жіберді.