https://sputnik.kz/20220627/khersonda-qalalyq-baspakhana-zhumysyn-qayta-zhangyrtty-25861315.html
Херсонда қалалық баспахана жұмысын қайта жаңғыртты
Херсонда қалалық баспахана жұмысын қайта жаңғыртты
Sputnik Қазақстан
"Надднепрянская правда" газетінің 10 мың данамен бірінші тиражы басылып шықты 27.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-27T15:49+0500
2022-06-27T15:49+0500
2022-06-30T15:50+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/06/07/25373394_0:0:3413:1919_1920x0_80_0_0_cc002fd44d9ee940c29b1162cb7df0fc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Херсонда қалалық баспахана жұмысын қайта бастады. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Херсон облысының әскери-азаматтық әкімшілігі баспасөз қызметінің өкілі Сергей Мороз мәлімдеді."Қазір Херсон қалалық баспаханасы іске қосылып жатыр. Газеттің алғашқы данасы шығарылды. Газет дүкендер, дәріханалар, жанар-жағармай құю бекеттері желісіне таратылады. Халық бұл газетті тегін алады", - деді Мороз.Оның айтуынша, басылымды қалада ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да тарату жоспарда бар.Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігінің байланыс мамандары қалалық телерадиоорталығындағы жабдыққа жөндеу жүргізіп, ресейлік телеарналардың хабар таратуын және жергілікті телестудияның қайта жұмыс істеуін қамтамасыз етті.Мамандар жақын арада барлық қажетті жабдықтар Херсонға жеткізіліп, студия толық қуатта жұмыс істей бастайды деп үміттеніп отыр.Еске салсақ, арнайы операция барысында Ресей әскерилері Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов теңізінің маңындағы бөлігін бақылауға алды. Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады. Сауда байланысын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/07/25373394_62:0:2793:2048_1920x0_80_0_0_2b131ba19004a2c1981cc80306a32fb0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Херсонда қалалық баспахана жұмысын қайта жаңғыртты
15:49 27.06.2022 (жаңартылды: 15:50 30.06.2022) "Надднепрянская правда" газетінің 10 мың данамен бірінші тиражы басылып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Херсонда қалалық баспахана жұмысын қайта бастады. Бұл туралы
РИА Новости агенттігіне Херсон облысының әскери-азаматтық әкімшілігі баспасөз қызметінің өкілі Сергей Мороз мәлімдеді.
"Қазір Херсон қалалық баспаханасы іске қосылып жатыр. Газеттің алғашқы данасы шығарылды. Газет дүкендер, дәріханалар, жанар-жағармай құю бекеттері желісіне таратылады. Халық бұл газетті тегін алады", - деді Мороз.
Оның айтуынша, басылымды қалада ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да тарату жоспарда бар.
Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігінің байланыс мамандары қалалық телерадиоорталығындағы жабдыққа жөндеу жүргізіп, ресейлік телеарналардың хабар таратуын және жергілікті телестудияның қайта жұмыс істеуін қамтамасыз етті.
Мамандар жақын арада барлық қажетті жабдықтар Херсонға жеткізіліп, студия толық қуатта жұмыс істей бастайды деп үміттеніп отыр.
Еске салсақ, арнайы операция барысында Ресей әскерилері Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысы мен Запорожье облысының Азов теңізінің маңындағы бөлігін бақылауға алды. Өңірлерде әскери-азаматтық әкімшіліктер құрылып, ресейлік телеарналар мен радиостанциялар хабар тарата бастады. Сауда байланысын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.